Энергетиктер Күні. Әр үйде жылу мен жарық.

«Алматы электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) тәуелсіз заңды тұлға ретінде 2006 жылғы маусымнан бастап жұмыс істей бастады.

«АлЭС» АҚ – 3300 астам адам жұмыс істейтін, электр энергиясын өндіру бойынша Алматы өңірінде үстем жағдай алып жатқан және жылу энергиясын өндіру бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылатын Қазақстанның аса ірі компаниясы. Алматы қаласы мен облысы бойынша қазіргі заманғы электр энергия мен электр қуат нарығы «АлЭС» АҚ энергия көздерінен жеткізілетін электр энергиямен 64%-ға қамтамасыз етіледі. «АлЭС» АҚ электр энергиясын негізгі сатып алушысы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС энергиямен жабдықтаушы компаниясы, ал «АлЭС» АҚ жылу энергиясын негізгі сатып алушысы «Алматы жылу желілері» ЖШС жылумен жабдықтаушы компаниясы болып табылады.

 «АлЭС» АҚ құрамына мынадай бөлімшелер кіреді: Алматы 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО – электр және жылу энергиясын өндіреді, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС – электр энергиясын өндіреді, Батыс жылу кешенінің қазандықтары – жылу энергиясын өндіреді, пайдалануға өткен ғасырдың 40-80 жылдары берілген. Осыған байланысты станциялардағы негізгі жабдықтың тозуы шамамен 60% құрайды.
Бұл жағдай станцияның қаржыландыру көздерінің болмаған жағдайларында қуатты толыққанды ұлғайта алмаған, және станцияның жұмысын бірқалыпты қолдауға ғана табыстың жеткілікті болған кезде 2009 жылына дейін қалыптасты.

Бүкіл ел бойынша электр және жылу энергиясын өндіруде жабдықтардың тозуы сыни жағдайға жақындап келе жатқанда, 2009 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің барлық энергия көздері үшін топқа бөлу арқылы 2015 жылға дейін электр және жылу энергиясына шекті тарифтер бекіту туралы қаулы шығарды.

Осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі мен «Алматы электр станциялары» АҚ жыл сайын инвестициялық Келісімшарттар жасайды. Аталған келісімшарттардың мәні – тарифті көтеруден алынатын түсімдер негізгі активтерді жаңартуға, жаңа энергия көздерін құру және қолданыстағыларды қайта құру арқылы электр энергиясын өндіру көлемін арттыруға, қоршаған ортаға экологиялық әсерін төмендетуге және тағы басқаларға бағытталатын шартпен Үкімет электр станциялармен өндірілген электр энергияға тариф көтерілуін бекітеді.

2009 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі кезеңде «АлЭС» АҚ-та жасалған келісімдерге сәйкес 38 млрд. астам теңгеге шаралар жүзеге асырылды, бұл қолданыстағы активтерді ауыстыру, жаңарту, қайта құру, техникалық жабдықтау бойынша жұмыстарды іске асыруға, жаңа құрылыс бастауға және «АлЭС» АҚ энергия өндірудің ағымдағы деңгейін қолдау ғана емес, оны көбейтуге мүмкіндік берді. 2011 жылға қарай энергия жабдықтардың жұмысындағы апаттылық 2009 жылмен салыстырғанда 32% -ға азайды.

Сонымен қатар, келесі нәтижелерге қол жеткізілді: «АлЭС» АҚ энергия көздерінің қолданымдық қуаты 120 мегаваттқа арттырылды; зиянды заттардың шығарылуы жылына 2000-нан астам тоннаға азайды; жылу және электр энергиясын сенімді және үздіксіз өндіру үшін қажетті болатын 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО күл үйінділердің қайта жаңартуы өткізілді; сондай-ақ Алматы қ. сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын ГЭС Каскадының жабдықтары мен құбыр желілері қайта жаңартылған; технологиялық қажеттіліктері үшін су тұтыну жылына 12 млн. м3-ден 9 млн. м3-ге азайтылды; электр жабдықтар мен ғимараттарға мерзімі жеткен қалпына келтіру жөндеу жұмыстары жасалған.

 «АлЭС» АҚ-пен қуаттарын ұлғайтуға бағытталған бірқатар бірінші кезектегі стратегиялық жобалар анықталды: 2-ЖЭО-ға арналған бойлер бөлмесі мен қазан агрегатын пайдалануға беру; 1-ЖЭО арналған екі газ-турбиналық блоктарды пайдалануға беру; ГЭС каскады мен 2-ЖЭО қайта жаңарту және жаңғырту; Кербұлақ ГЭС салу; Қапшағай ГЭС-тi қайта жаңарту.

Осы жобаларға инвестицияларды жүзеге асыру энергия көздерінің қуатын әрі қарай арттыруға мүмкіндік береді, электр энергиясын өндірудің қуат тиімділігін арттырады,  ластағыш заттар шығарындыларының көлемін азайтады және Алматы қаласы мен Алматы облысын үздіксіз энергиямен қамтамасыз етеді.