«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамы тұтынушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №141-НҚ және Алматы облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №267-НҚ бірлескен бұйрығымен 2022-2026 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің бекітілгендігі туралы хабарлайды.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін тарифтер келесі мөлшерлерде бекітілді:
2022 жылға – 3 676,41 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);
2023 жылға – 3 749,94 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);
2024 жылға – 3 824,93 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);
2025 жылға – 3 901,43 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);
2026 жылға – 3 979,46 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз).