ДУ-800 ЖЫЛУ МАГИСТРАЛІН ГИДРАВЛИКАЛЫҚ СЫНАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы қаласы тұрғындарының, кәсіпорындары мен ұйымдар басшыларының назарына:

2021ж. 12 тамыз сағат 06:00 – ден сағат 07:00 – ге дейін «АлЭС» АҚ Алматы А.Жакутов атындағы 2-ЖЭО – дан мекенжайы: Алматы қ. Алатау ауданы, Алғабас ықш. ауданы, 7-көше, 130-үй БЖК Орталық тарату пунктіне дейін мекенжайы: Алматы қ., Әуезов ауданы, Төле би к., 308 үй Ду-800 жылу магистралінде  гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізіледі.

Осыған  байланысты «АлЭС» АҚ сынақ өтетін (Алғабас ықш. ауданы,  Аксайская к., Марғұлан к., Трудовая к., «Алтын бесік» ықш. ауданы,  «Ақсай 3», «Ақсай 3А» ықш. ауданы, «Ақсай 3Б» ықш. ауданы,  «Ақсай 2» ықш. ауданы, Саин к. (Төле би және Қабдолов к.), «Сайран» Орталық халықаралық автобекетінің  батысына  қарай (Саин к. мен Өтеген батыр к. аралығында) аумақтың барлық тұрғындарының жылу магистралінің ықтимал бұзылуы жағдайында ауыр жарақат алуды болдырмау  үшін  қауіпсіздік техникасын сақтауды сұрайды.

Ықтимал жазатайым жағдайды болдырмау үшін  кәсіпорындар мен ұйым басшылары адамдарды сынақ өтетін жылу магистралінің  аумағынан шығарсын.

 

Қосымша мәліметтерді алуға болады «АлЭС» АҚ тел - 8-(727)-227-70-21