«АлЭС» АҚ Алматы 2-ЖӨО-дан бастап БЖК орталық жылу тарату пунктіне дейін жылу магистралінде гидравликалық сынақ жүргізу туралы хабарландыру

Алматы қаласы тұрғындарының, кәсіпорындары мен ұйымдар басшыларының назарына: 2019ж. 06 маусым сағат 06:00 – ден сағат 07:00 – ге дейін «АлЭС» АҚ Алматы 2-ЖЭО – дан (мекен жайы: Алматы қ. Алатау ауданы, Алғабас ықш. ауданы, 7-көше, 130-үй) Батыс жылу кешенінің Орталық тарату пунктіне дейін (мекен – жайы: Алматы қ., Әуезов ауданы, Төле би к., 308 үй) Ду-800 жылу магистралінде гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты «АлЭС» АҚ сынақ өтетін (Алғабас ықш. ауданы, Аксайская к., Марғұлан к., Трудовая к., «Алтын бесік» ықш. ауданы, «Ақсай 3», «Ақсай 3А» ықш. ауданы, «Ақсай 3Б» ықш. ауданы, «Ақсай 2» ықш. ауданы, Саин к. (Төле би және Қабдолов к.), «Сайран» Орталық халықаралық автобекетінің батысына қарай (Саин к. мен Өтеген батыр к. аралығында) аумақтың барлық тұрғындарының жылу магистралінің ықтимал бұзылуы жағдайында ауыр жарақат алуды болдырмау үшін қауіпсіздік техникасын сақтауды сұрайды.

Ықтимал жазатайым жағдайды болдырмау үшін кәсіпорындар мен ұйым басшылары адамдарды сынақ өтетін жылу магистралінің аумағынан шығарсын. Қосымша мәліметтерді алуға болады «АлЭС» АҚ тел - 8-(727)-227-70-21.