Құрмет тақтасы 2019

Кәсіби мереке - Энергетик күні қарсаңында «АлЭС» АҚ Құрмет тақтасының дәстүрлі ашылу салтанаты өтті. Еңбектері әріптестеріне үлгі болатын ең үздік танылған тоғыз қызметкеріміз іріктелді. Өз қызметкерлерімізбен, олардың жетістіктері және компанияның дамуына қосқан үлестерімен мақтанамыз. Олар АлЭС – те еңбек етіп жүрген, тәлімгерлерінің абыройлы еңбек дәстүрін жалғастырып келе жатқан жастар үшін тамаша өнеге.

 

2018-12-21 080813Сесь Геннадий Васильевич – 1-ЖЭО қазандық цехының 6 дәрежелі қазандық қондырғысының аға машинисті                                      

«Біздің салада жұмыс істейтіндердің көпшілігі энергетикаға ата-анасының бағыттауымен келгендер. Мен де солардың бірімін. Менің әкем көп жылдар бойы 1-ЖЭО станциясында қызмет еткен. Менің мамандық таңдауыма ықпал еткен де сол болды. Себебі, әр бала үшін ата-анасы үлгі болып табылады. Бала жасымнан бастап әкемнің мамандығына тамсанатынмын. Өз еңбек жолымды осы 1-ЖЭО станциясында бастадым. 2016 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін қазандық цехтың қазандық қондырғысының аға машинисті болып қызмет етіп келемін».

Геннадий Васильевич өзінің мол тәжірибесі мен шығармашылық ұстанымын кеңінен пайдалана отырып, экономикалық көрсеткіштерді аттыруға бағытталған келесідей өнертапқыштық жұмыстарын ұсынды: №10-13 қазандықтарынының мерзімді үрлегішінің дренаж барботерына салқындатқыш орнату; түгендемелік сатыларды жетілдіру, МАҚ диірменнің сығымдағыш бұрандасын тоқтатуға арналған қондырғыны қайта құру. Ол станция қондырғыларын керемет білетін, жұмыстың үдемелі әдістемесін қолдана алатын техникалық білікті маман.

Геннадий Васильевич әрдайым жас мамандарға көмекке келіп, өзінің білімімен бөлісуге дайын. «Қазіргі заман жастарының әлеуеті аса зор. Олар бізден жақсы, олар бізден ілгері. Көпшілігі бірнеше шет тілін біледі, оқуға, әлемнің ең күшті ЖОО-да білім алғылары келеді. Және ең бастысы, шексіз мүмкіндіктері: интернет, ұялы телефондар, компьютер және т.б. құралдары бар. Осының бәрін өз білімін жетілдіруге, тұлғасын дамытуға пайдаланып, игілігіне жарата алатынын қуантады. Елімізге еңбектің барлық салаласында, әсіресе энергетикаға білікті мамандар керек. Себебі біз адамдарға жылу мен жарық береміз. Ал бұл біздің де үйімізге жылу береді».

2018-12-21 080826Приманова Динара Қайратқызы, 2-ЖЭО экономикалық бөлімінің жетекші экономисі

         ОҚжТО департаментінің экономикалық бөліміне жұмысқа қабылданғаннан бастап өмірім энергетикамен байланысты. Қазіргі уақытта жақындарыма айналған ұйымшыл және тату ұжымым мені алғашқыдан бастап ақ жылы қарсы алды. Олардың әрқайсысы тәжірибесімен бөлісіп, осы саладағы білім қорымды толтырды. Өз кезегінде ол жұмыстың жақсы жүруіне ықпалын тигізді. 2017 жылы 2-ЖЭО станциясына ауыстым. «АлЭС» АҚ сияқты ең үлкен кәсіпорынында жұмыс істеу экономикалық бағыттағы ғана емес, сондай-ақ техникалық және өнеркәсіптік бағыттағы жаңа білім мен білікті игеруге көмегін тигізеді. Мен Алматы қаласы мен Алматы облысын энергиямен қамсыздандыру орталығына, жүрегіне айналған ең үлкен станцияда жұмыс істейтініммен мақтанамын. Қоғам алдындағы біздің кәсіпорынның қосатын үлесінің, жылу мен электр энергиясын өндіру маңыздылығын, жауапкершілігін, мәнділігін сезіну – бір ғанибет.

2018-12-21 080843Самощенков Андрей Иванович, 3-ЖЭО электр станциясының ауысым бастығы

«Сүйікті ісімен айналысатын адам, шын мәнінде бақытты адам» деген керемет афоризм бар.

Мен бақытты адаммын, себебі, менің сүйікті жұмысым, кәсіпқой ұжымым бар. Өзімнің еңбек жолымды 2000 жылы электр станциясынының электр цехында электр жөндеуші болып бастадым. Электр цехында қызмет еткен барлық уақытта дайындық, ширау баспалдақтарының көбінен өттім, ауысым бастығы, электр цех бастығының орынбасары қызметтерін атқардым. Соңғы он жыл электр станцияның ауысым бастығы болып жұмыс істеп келемін. Үнемі өз білімің мен іскерлігіңді жетілдіруге тура келеді. Біздің қызметте кәсіпқойлық пен ең қиын жағдайларда жылдам дәйекті шешім қабылдай білу жоғары бағаланады. Ұзақ жылдар бойы күш-жігерлері мен білімін аямаған жетекшілерім В.М.Романенко, С.Ф.Жданов, М.А.Амантурдиевке алғысымды білдіремін. Солардың арқасында менің де кәсіби машығым мен сенімділігім пайда болды.

Құрметті әріптестер, Сіздерді келе жатқан 2019 жылмен құттықтаймын. Шын жүректен барлық энергетиктерге, өмірлеріңіздің әр күні игілікті еңбектеріңізге береке әкелсін деп тілеймін.

Барлық энергетиктерге апатсыз жұмыс, отбасыларына ынтымақ, жақын-туыстарына зор денсаулық тілеймін!

 

2018-12-21 080857Васильева Светлана Владимировна, Каскад ГЭС жетекші инженері

1997 жылы Алматы байланыс колледжін тәмамдаған соң, мен Каскад ГЭС «Диспетчерлік технологиялық басқару құралы» цехына Рагузина Н.Г. жетекшілігімен станциялық құрылғылардың электр жөндеушісі болып жұмысқа орналастым. АЖЖ-ға қызмет көрсеттім. 2006 жылы басқарушы директор Б.У.Мукаев маған өнедірістік-техникалық бөлімге есеп пен режим бойынша инженер қызметіне көшуді ұсынды. Ол шешімді қабылдау өте қиын және қорқынышты болды, бірақ, Болат Уалиханович «қолыңнан келеді, көмектесеміз...», - деп қолдады. ӨТБ-де мені бұрын сонда жұмыс істеген Семенова О.В., Саттарова Н.А. және бас инженердің орынбасары Сайфутдинов Р.Я. жылы қарсы алды. Ол қазір де қолдап, керек болса, білімімен бөліседі. 2011 жылы мен электр энергетика мамандығы бойынша АЭжБУ-ды сырттай бітірдім. 2014 жылдан бері ӨТБ-ның жетекші инженері қызметін атқарып келемін. Қазір мен сол кезде ауысу туралы қабылдаған шешімнің дұрыс шыққанын сенімділікпен айта аламын.

 

2018-12-21 080916Быков Николай Александрович, Қапшағай ГЭС-і ЭМЦ 6 дәрежелі электр станциясының электр жабдығы жөніндегі электр слесірі

Еңбек жолымды 1985 жылы Қапшағай қ. «КДСМ» темірбетон бұйымдар жасап шығаратын зауытта электр жөндеушінің оқушысы болып бастадым.

2008 жылы Қапшағай ГЭС-інің электр машиналық цехының 5 деңгейлі электр станциясының электр жабдықтар жөніндегі электр слесірі болып жұмысқа орналастым. Жарты жылдан кейін маған 6 дәреже мен электр станцияның электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесірдің 4 рұқсат тобы берілді.

Ұжым жақсы қабылдады. Жұмыстағы аға әріптестер ГЭС жабдықтарының қызметі мен жөнделуі бойынша бүге-шегесіне дейін үйретті. Сонымен қатар, жұмысқа үлкен кәсіпқойлықпен қарауға дағдыландырды.

Өзімнің жұмысымды тәртіптілік пен зейінділікті талап ететін, қызықты жұмыс деп санаймын. Жас ұрпақпен өз білімімізбен бөлісуге тұрарлық деп есептеймін.

      

2018-12-21 080936Кадиргалиева Гаухар Кенбаевна, Батыс жылу кешенінің ӘШБ шаруашылығын басқарушысы

Өзімнің еңбек жолымды мен 2006 жылы Батыс жылу кешенінде қазандық цехтың сорғы қондырғыларының машинисі болып бастадым. 2008 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін шаруашылық басқарушысы, оған қоса, «АлЭС» АҚ БЖК кәсіподағының төрағасы қызметін атқарып келемін.

Мен өзімнің БЖК ұжымына олардың ұйымшылдықтары мен бір-біне жақсы қарым-қатынаста болғандарына алғыс білдіремін. Баршамызды әр үйге жылу мен жайлылық сыйлайтын ісімізге деген махаббат пен құрмет біріктіреді.

Қызметіміздің қорытындысы жыл соңында біздің кәсіби мейрамымыз Энергетиктер күнінде шығарылады. Жаңа жылда ұйымымыз гүлдене берсін, әрқайсымызға мақтаныш сезімін сыйласын! Барлық энергетиктерге зор денсаулық, туыс-жақындарына амандық, тұрақтылық, береке, жұмысына сәттілік тілеймін!

 

2018-12-21 081419Агеева Марина Константиновна, «Энергоремонт» ӨЖК еңбекті ұйымдастыру мен мөлшерлеу инженері

«АлЭС» АҚ Құрмет тақтасында біздің департаментті көрсету мен үшін үлкен абырой. Энергожөндеу» ӨЖК ЭЖЖЦ-3-ке мен 2001 жылы техник болып келдім. 2007 жылы 1 санатты еңбекті ұйымдастыру мен мөлшерлеуші инженер болдым. Мен білікті инженерлер мен мамандар қызмет ететін үйлесімді ұжымға келдім. Біздің ұжымда еңбек әулеттері көп болғандықтан, кадрлардың тұрақтамауы деген жоқ. Ол цехтағы қарым-қатынас ахуалына жақсы әсерін тигізеді. «АлЭС» АҚ-да жұмыс істей отырып, біз қамқорлық сезінеміз, бізге басшыларымыз, кәсіподақ қолдау көрсетеді. Біз жақсы жеңілдіктер мен әлеуметтік пакетпен қолданамыз.

Шын жүректен «АлЭС» АҚ қызметкерлерін біздің сүйікті мерекемізбен құттықтағым келеді! Мен үшін биылғы жыл ерекше. Компаниямыз гүлдене берсін, ол үшін әр қызметкерде мақтаныш сезімі басым болсын деп тілеймін!

 

2018-12-21 080948Жукишев Айдос Анарбекұлы, 2-ЖЭО отынды қабылдау және түсіру орталығының 6 дәрежелі слесір -электригі

Менің еңбек жолым 1994 жылы Алматы 2-ЖЭО электр жабдығын жөндеу жөніндегі электр слесірінен бастадым. 1998 жылдан бері отынды қабылдау және түсіру орталығының 6 дәрежелі слесір – электригімін. Осында жұмыс істей отырып, кәсіпорын атмосферасын іштен сезесің, мойныңа алған жауапкершілігің, өз жұмысыңның маңыздылығын сезіну, кәсіпқойлық, сондай-ақ, осында жұмыс істейтінің үшін зор мақтаныш сезімі. Біздің кәсіби мерекеміз Энергетиктер күні мен үшін биылғы жылы ерекше. Барлығыңызға үлкен рахмет айтамын! Қызметкерлердің еңбегін елеп, атап көрсетуді ұмытпаған аса маңызды.

Құрметті әріптестер, достар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз, энергетик Күнімен және келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Сіздермен шын мәнінде Қазақстан экономикасының негізгі саласы болып табылатын энергетика саласына қатысымыз үшін мақтаныш сезімімен бөлісемін. Себебі, біздің уақытта ертеңгі күніңе сеніммен қарап, әлеуметтік қорғалғаныңды кепілдендіретін компаниялар көп емес. Біздің ұжымға табысты, тұрақты, апатсыз жұмыс тілеймін!