Құрмет тақтасы 2018

Энергетик күні мерекесінің қарсаңында қалыптасқан дәстүр бойынша «АлЭС» АҚ Құрмет тақтасы ашылды. Өндіріс озаттарын таңдау күрделі мәселе. Бұл ретте жұмыскердің еңбек өтілі, кәсібилігі, бастамашылдығы және т.б. қабілеттері ескеріледі. Жас маман болсын, инженер, жұмысшы немесе басшы болсын, энергетика саласын таңдаған адамның еңбегі әрі жауапты, әрі маңызды. Энергетика саласында қызмет ететін әрбір адам өз күші мен дарынын, барын салады, бұл үлкен алғысқа лайықты. Құрмет тақтасына биылғы жылдың озат тоғыз қызметкерінің фотосуреті орналастырылды. Олар ұжымымыз үлгі тұтар, мақтан етер дарабоздар.

Часовникова Наталья Григорьевна, Каскад ГЭС өндірістік – техникалық бөлім бастығы

«Каскад ГЭС өндірістік департаментіне 2009 жылы ӨТБ инженері лауазымына келдім, ал қазір бес жылдан астам уақыттен бері ӨТБ бөлімін   басқарамын.

Маған даңқты тарихымен белгілі жаңа жұмыс орным да, арасында еңбек әулеттерімен танылған ұжым да бірден ұнады. Осында жұмыс істей жүріп, кәсіпорында қалыптасқан көзге көрінбейтін атмосфераны – өз жұмысыңның маңызын, тапсырылған жұмыстың жауаптылығын, кәсібилікті, сонымен қатар, осында еңбек ететінің үшін мақтаныш сезімін еріксіз бойыңа сіңіресің. Каскад ГЭС–інде ұйымшылдық пен өзара көмек беру құндылығы сақталғаны, оның жаңа қызметкерлерге берілетіні ерекше қуантады. Менің айналысатын қызметім департаменттің өндірістік қызметінің барлық аспектілерін қамтиды. ӨТБ – келіп түсетін барлық деректердің негізінде Каскад ГЭС –інің технологиялық, режимдік, жөндеу және т.б. бойынша ағымдағы пайдалану қызметін қамтамасыз ету, сондай ақ департаменттің перспективалық даму мәселелері (қайта құру) бойынша шешім қабылдайтын штаб.

Компаниямыздың барлық қызметкерлерін Жаңа 2018 жылмен құттықтаймын. Барлығыңызға мол бақыт, үйлесімділік, отбасында баянды тіршілік, ұжымда өзара сыйластық тілеймін! Сәттілік айнымас серігіңізге айналсын, барлық істе табысқа жетіңіздер. Жаңа жылда жаңа мақсаттар мен жоспарлар түгел орындалсын!"

 

Сағымбаева Зина Әлімсейтқызы, БЖК қазандық цехы 4 разрядты сорғы құрылғысының машинисі

«Мен үшін «АлЭС» АҚ Құрмет тақтасы үлкен дәрежежәне алғашқы награда, сондықтан кеудемді қуаныш кернейді, ойлаған сайын толқимын.

Осы аталған марапат Кенжебай Ильясович Байзахов басқаратын қазандық цехы ұжымының қажырлы еңбегінің нәтижесі. Барлықтарыңызға айтар алғысым шексіз! Қарапайым жұмысшының еңбегін ұмытпай, ескеріп, елегендеріңіз үшін рахмет. Бұл біз үшін өте маңызды.

«АлЭС» АҚ еңбек ете жүріп біз басшылық пен кәсіподақ тарапынан қызметкерлерге жасалатын қамқорлықты сезінеміз, барлық жеңілдіктер мен әлеуметтік пакетті пайдаланымыз.

Біздің төл мерекеміз Энергетик күні биылғы жылы мен үшін ерекше – фотосуретім «АлЭС» АҚ Құрмет тақтасына ілінеді. Компаниямыз көркейе берсін және әрбір әріптесімнің бойында мақтаныш сезімін туындатсын!

Барлық энергетиктерге бақытты, ұзақ ғұмыр, жақындарымызға зор денсаулық, жұмыста үлкен жетістіктер тілеймін!"

 

Худайбергенов Бекбулат Лотович, Отын қабылдау және түсіру орталығының 2-ЖЭО станциялық учаске диспетчері

«Тағдырымның Энергетикамен байланысты болғанына қуанамын. Жұмысымыз жеңіл емес. Қиындықтарға қарамастан, өз мамандығымды ұнатамын, өз кәсібіңді сүйгенде ғана нағыз кәсіби шеберлігіңді шыңдай аласың ғой.

Ұжымым ұйымшыл, жұмыс қызу қарқынды, еңбекақы уақытылы. Еңбектен тайсалмаймын, ең бастысы «төзім мен еңбек, бәрін жеңбек» деген ұстанымды ұмытпау, сол себепті, қайратты еңбек етсек қана, мақсаттарға жете аламыз, армандар орындалады».

 

Алдашукурова Гульмира Бахытжановна, 2-ЖЭО химия цехы бастығының орынбасары

«Мен әль – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін химия мамандығы бойынша бітірдім. Ғылыми дәрежем PhD (химия ғылымдары философия докторы). «АлЭС» АҚ 2-ЖЭО 12.11.2005 бастап жұмыс істеймін. Еңбек жолымды реагенттерді даярлау аппаратчигі болып бастағам. Адамдарға жылу мен жарық сыйлау миссиясын алып жүретін   энергетика саласындағы жұмысымды бірден ұнаттым. 2016 жылғы қазаннан ХЦ бастығының орынбасары қызметін атқарамын. Осы уақыттан бастап жауапкершілігім артты, цех маған сенім артты! Өндірістің қарапайым жұмыс орнынан басталатыны баршаға белгілі.

Менің өмірлік ұстанымым – ынтымақ түбі игілік!

 

Тимошенко Александр Геннадьевич, 3-ЖЭО ауысым бастығы

Құрметті әріптестерім, сіздерді жаңа 2018 жылмен құттықтаймын! Шын жүректен барлық энергетиктерге жүректе жалын, көзде махаббат, тұла бойда сарқылмас күш болсын деп тілеймін! Жаңа жыл әр үйге қуаныш пен бақытты молынан әкелсін! 1980 жылы Алматы қ. ОКТУ бітіріп, тоңазытқыш құрылғыларының машинисі кәсібин игердім. «Казхиммонтаж» трестінде тоңазытқыш құрылғыларының машинисі болып жұмыс жасадым. Жас кезімде өзге мамандықтарды игеруге бел байладым. Станцияға «Южказэнергоремонт» мекемесінде жабдықтар мен автоматиканы жөндеуші электрслесір болып жұмыс істеп жүргенде келдім. Осында электр цехының электромонтері болып жұмыс істейтін досымды кездестіріп қалдым, ол маған электр станциясына ауысуды ұсынды.

1986 жылы электр цехына кезекші электр монтер болып келдім. Алдыңғы жұмыс орындарында игерген дағдыларымның осы жұмыста үлкен пайдасы тиді. Он жылдың ішінде электр жабдығына қызмет көрсетуде үлкен тәжірибе жинадым. 1996 жылдан бастап қазіргі уақытта электрстанцияның ауысым бастығы болып жұмыс жасаймын. Жұмыс орнында тұрақтануымның себебі қарапайым. Электрстанцияға келіп жұмыс істеген адам энергетиканы өмірінің бөлшегі санап кетеді. Ұжым өте ұйымшыл, өзіңнің қажеттігіңді сезінесің. Қызметкерлермен күнделікті жұмыс барысында ортақ мақсаттарға жеткізетін біліміңді, білігіңді шыңдай түсесің. Жабдық жұмысының сапасы біздің еңбегімізге тәуелді. 3-ЖЭО- ның және жалпы энергожүйенің көркеюі үшін жұмысымды жалғастыра беремін.

 

Нұрмаханов Батырбек Шамшатбекұлы – Қапшағай ГЭС электр машина цехының ауысым бастығы

«1998 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін бітіріп, Қызылорда РЭС АҚ таратқыш желінің электрмонтері болып жұмысқа тұрдым. 2007 жылы Қапшағай қаласына көшіп келіп, Қапшағай ГЭС 4-разрядты электрслесірі болып жұмысқа орналастым. 4 жыл өткеннен кейін мені электрмашина цехының ауысым бастығы етіп ауыстырды.

Ұжым мені жылы қарсы алды. Мұнда қауіпсіз, апатсыз жұмыс тәсілін үйретуге, қателікке жол бермеуге ақыл кеңес беретін жоғары білікті мамандар еңбек етеді.        

Өз жұмысымды қатаң тәртіп пен ыждахаттылықты қажет ететін перспективті және жауапты деп санаймын. Сол арқылы ғана өз ісіңнің хас шебері бола аласың».

 

Утеулов Аль-Фараби Кенесбаевич, «Энергожөндеу» ӨЖК арматуралық – механикалық цех бастығы

Еңбек жолымды 1994ж. ЖОО – ны бітіргеннен кейін АГРЭС бастадым. Алматы энерго жүйесінде өз кезегімен 4 разряд токарі, 3-ЖЭО механикалық шеберхана шебері, АМЦ өндірісін даярлау жөніндегі жетекші инженер,   АМЦ бастығы лауазымдарын атқардым.

Өмірімде ешқашан өз тағдырларын электр энергетикасы саласымен байланыстырған, жауапкершілігі, кәсібилігі жоғары және ұжымшылдықтың ерекше рухына ие, жан – жақты білімді адамдардың ортасына түскеніме өкінген емеспін.

Ажимуратов Аскар Нурдаулетович, Копытков Александр Николаевич, Жаңбыршы Ғалым Садуақасұлы сияқты өз ісінің білікті мамандары, адами қасиеттері жоғары ұстаздарымның болғанына ризамын».

 

 

Акбергенов Ернат Зейнаханович – қазандық цехы қазандық жабдығының 7 разрядты машинисі 1-ЖЭО

Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш елді мекенінің тумасы. Әскердегі борышын өтеген соң Алматыға келіп, 1-ЖЭО – ға орналасты. «1986 жылы қазандық цехына орналасқаннан бері жұмыс істеп келесін. Сонша жылдан бері иық тіресіп жұмыс жасағаннан кейін әріптестеріммен туысқандай болып кеттік. Кәсіподақ комитетінің мүшесімін және жыл сайын отбасыммен жеңілдікпен демалысқа барып тұрамын, бұрын балаларды лагерьге жіберетінбіз. Ұйым атынан 2 бөлмелі пәтер алдым. Балаларды үйлендірдім. Барлығына шүкір.

Әріптестеріме, жастарға тілерім, өз мақсаттарыңызға жетіңіздер, оқып, жетіліңіздер, лауазымыңыз бойынша білім мен білікті арттырып отырыңыздар! Жаңа жыл берекелі болсын!»

 

Амирова Меруерт Қасымқызы, пайдалану қызметінің бас маманы

«Мектепте оқыған кезде сүйікті пәндерімнің бірі химия болатын. Мамандықты таңдайтын "Х" шешуші уақыт келгенде, шынымды айтайын, атам мен папамның жолын қууға құлшынысым болған жоқ, себебі ер азаматтардың атқаратын қызметі мен үшін тартымды болмайтын, мен құпия түрде құжаттарымды медицина университетіне тапсырдым, алайда тағдыр таңдауымды өзгертіп, мені АЭжБИ жіберді. Қабылдау комиссиясына келгенде маған жаңадан «су және отын технологиясы» мамандығының ашылғаны, оның болашақта өзекті болатыны, химиямен байланысты екендігі туралы айтылды. Оқып жүргенде экскурсиямен 2-ЖЭО- ға бардық. Болашақтағы мамандығымның жаңа қырын тануға ықпал еткен химцех бастығы Л.И.Лапшина болды, оның су мен жұмыс жабдығын дайындаудың барлық процесін бізге түсіндіру мәнері мені шынайы қуанышқа бөледі. Мен бар ынта-жігеріммен одан әрі қарай «оқу инемен құдық қазғандай демекші», тәжірибеге бейімделдім. Оқу орнын аяқтағаннан кейін еңбек жолымды Л.И.Лапшинаның басшылығымен 2- ЖЭО-де 3 разрядты СХТ аппаратчигі лауазымынан бастадым. Ұжымым мені шын жүректен қабылдап, өздеріне тиесілі барлық нәрселерді үйретті, мен күні бүгінге дейін оларға өте ризамын.

Дороти Сейрс жазғандай: «Мыңның бірі ғана өз жұмысын сүйеді. Ол ер азамат болса, оны «өз ісіне берілген» дейді, ал әйел болса «өзі біртүрлі» деп қысқа қайырады. Осы сөздер маған сай келеді. Мен жұмысыма жаныммен берілген адаммын, одан рахат аламын. Энергетика болмаса, немен айналысар едіңіз? деп сұраған болса, мен басқа жұмысты елестете алмаймын, өзімнің сүйікті ісімді мақтан етемін, - деп жауап берер едім.