«Алматы электр станциялары» АҚ «Мәдениетті көтеру – макулатура тапсыр» атты экологиялық акцияны өткізу туралы хабарлайды

Акцияның мақсаты: Кейіннен қайта өңдеу үшін макулатураны белсенді жинауға Қоғам қызметкерлерін барынша тарту, қалдықтарды бөлек жинауды және табиғи ресурстарды саналы тұтынуды насихаттау.

Бұл акция осы жылы 28 қазанда (қазанның соңғы бейсенбісі) атап өтілетін Халықаралық қағазсыз күнге (World Paper Free Day) орайластырылған.

 

Акцияның міндеті: бірнеше тонна макулатура жинап, қайта өңдеуге жіберу арқылы ондаған ағаштарды сақтап қалу, сондай-ақ ресурстарға ұқыпты қарау мәдениетін және корпоративтік деңгейде экологиялық жауапкершілікті дамыту.

 

Акцияның сипаттамасы:22 қазанға дейін акцияға қатысушылар компанияның күнделікті жұмысы барысында пайда болатын қағаз қалдықтарын жинайтын болады – бұл кеңсе қағазы, журналдар, жарнамалық полиграфия, газеттер, ескі және қолданыстан шыққан кітаптар, қағаз қаптама, картон. Акция аяқталғаннан кейін макулатураның барлық жиналған көлемі жасалған шартқа сәйкес өңдеу үшін мамандандырылған ұйымға беріледі.

 

Қатысушылар: «АлЭС» АҚ барлық қызметкерлері.

 

Экологиялық акцияға қойылатын талаптар:

Қабылданады:

·        журналдар, ескі және жарамсыз кітаптар, газеттер;

·        картоннан және гофрокартоннан жасалған қаптамалар, мұрағаттар;

·        баспахана қалдықтары және т. б.

Тапсырар алдында макулатура қораптарға салынады, оны арқан немесе жіппен байлауға болады.

Макулатураны тапсыру шарттары:

·        2 жағынан жазылған, таза, құрғақ қағаз бен картон болуы тиіс;

·        құжаттар мен құрама бұйымдар қапсырмаларсыз, файлдарсыз қабылданады;

·        өнімдерде лак, химия немесе май болмауы керек.

 

Акцияны өткізу кезеңдері:

·        2021 жылғы 1 мамыр – акцияны хабарлау;

·        2021 жылдың 22 қазанына дейін– департаменттерде макулатураны қабылдау және өлшеу;

·        2021 жылдың 25-29 қазанына дейін – макулатура жинау бойынша қорытындылар шығару және жариялау.