АлЭС: «Үздік экологиялық жауапты кәсіпорын» конкурсының қорытындысы

2020 жылғы маусым айының басында «Алматы электр станциялары» АҚ-да өткізілген «Үздік экологиялық-жауапты кәсіпорын» конкурсының қорытындысы шығарылды. Конкурс - компания қызметкерлерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобаларды анықтауға, қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жинауға, сондай-ақ атмосфераның ластануын бақылау әдістері туралы мәселені көтеруге мүмкіндік берді.

Әрбір департамент өз департаментінің және оның қызметінің пайда болу тарихын, экологиялық менеджмент жүйесін және қоршаған ортаны қорғау жүйесін енгізуді, «АлЭС» АҚ және өндірістік департаменттер аумағында қызметін жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерін экологиялық ақпараттандыру принциптерін таныстыру түрінде баяндады. Карантин жағдайында презентациялық материалдар электронды түрде қабылданды және арнайы құрылған комиссиямен қашықтық режимінде қаралды. Шешім қабылдау барысында комиссия қолайлы экологиялық жағдайды қамтамасыз ету бойынша, барынша күш жұмсайтын және қоршаған ортаны қорғауды, табиғи ресурстарды сақтауды қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті іс-қимылдарды қабылдайтын департаменттердің жұмысын ескерді. Өндірістік департаменттерде қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылықтарды бақылауға ерекше көңіл бөлінеді. Тазарту құрылыстарын жаңғырту және тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді, қағазды, шыны мен пластиканы бөлек жинау жолға қойылды, макулатура жинау күндері тұрақты түрде өткізіледі, департаменттердің өзінде де, оған іргелес аумақта да экологиялық акциялар өткізілді. Комиссияның шешімі бойынша департаменттердің жұмысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылаушы органдардың талаптарына сәйкес деп танылды. Өз тарапынан әрбір департамент қоршаған ортаны қорғау жүйесін жақсартуға дайын. Карантин аяқталғаннан кейін осы экологиялық байқауға қатысқан департаменттердің барлық экологтары Құрмет грамоталарына ие болады.