Акцияның мақсаты: біздің ғаламшарымыздың табиғи ресурстарын сақтау және оларға жауаптылықпен қарау, қалдықтарды бөлек жинау, атап айтқанда – макулатураны (қағаз қалдықтарын) жинау және өңдеу қағидалаларын насихаттау.
Бұл акция 2019 жылы 21 қыркүйекте өтетін Дүниежүзілік тазалық күніне арналады.
Акцияның міндеті: бірнеше тонна макулатураны жинап, қайта өңдеуге жіберу арқылы ондаған ағаштарды сақтап қалу, сондай-ақ ресурстарға ұқыпты қарау мәдениетін және корпоративтік деңгейде экологиялық жауапкершілікті дамыту.
Акцияның сипаттамасы: 20 қыркүйекке дейін акцияға қатысушылар Компанияның күнделікті жұмыс барысында пайда болатын қағаз қалдықтарын жинайтын болады – бұл кеңсе қағазы, журналдар, жарнамалық полиграфия, газеттер, ескі және қолданыстан шыққан кітаптар, қағаз орамдары, картондар.
Қатысушылар: «АлЭС» АҚ барлық қызметкерлері.
Экологиялық акцияға қойылатын талаптар:
Қабылданады:
Тапсыру алдында макулатура қораптарға салынып, жіппен байлануы тиіс. Макулатураны тапсыру шарттары:
Акцияны өткізу шарттары:
Тапсырылған макулатураның салмағын бағалау үшін «АлЭС» АҚ арнайы қазылар алқасының жеке құрамын қалыптастырады, оған Қоғам Басқармасының Төрағасы, Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, Басқарма Төрағасының даму жөніндегі орынбасары, ҚҚБ басқарушы директорлары, АҚ экология қызметінің өкілдері, БК ӘШБ өкілдері, ҚҚБ ӘШБ өкілдері кіреді.
Конкурсқа қатысушыларды марапаттау нысандары:
Акция жеңімпаздары тиісті грамоталармен марапатталады.