«Алматы электр станциялары» АҚ «Біз жасыл Қазақстанды үшін!» корпоративтік экологиялық фестивалін өткізетінін хабарлайды

 

Фестиваль мақсаты:  қоршаған ортаға, табиғатты пайдалануға жауапты,  адамгершілік және құқықтық принциптерге негізделген  қарым-қатынас қалыптастыру. Табиғи ортаны сақтау және оның экологиялық жағдайын  жақсарту  бойынша    белсенді қызмет пен жауапкершілікті қалыптастыруға  ұмтылу. Фестиваль  Эколог күніне орай өткізіледі. 

Экологиялық фестивальдің (бұдан әрі - Фестиваль) негізгі міндеті - қатысушыларға өздерінің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіндігін ұсыну, қоршаған ортаға және табиғатқа ұқыпты қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмысын жандандыру табылады.

Қатысушылар:

Фестивальға «АлЭС» АҚ  кез келген ынталы жұмыскері қатыса алады.

 

Фестиваль номинациялары:

  1. «Әдеби шығармашылық» номинациясы:

«Әлем сенің қолыңда» - экология мәселелері туралы баяндайтын  шығармашылық рәсімделген жұмыстар, соның ішінде өлеңдер, әңгімелер, ертегілер, эсселер;

«Әлемдегі экология тарихы» - экологияның пайда болуы туралы  баяндайтын шығармашылық рәсімделген жұмыстар.

  1. «Экологиялық жобалар» номинациясы:

«Энергетикадағы экологиялық мәдениет» - «АлЭС» АҚ  жұмыскерлерінің табиғатқа ұқыпты қарау және  экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобалар;

«Біздің Жер – біздің болашағымыз» - болашақ проблемаларды (қоқыстарды  жинау және сұрыптау, суды тұтыну проблемалары) шешуге  бағытталған жобалар;   

«ISO 14001:2015 - Экологиялық менеджмент жүйесі және оның энергетикадағы  өзектілігі» - энергетикада ISO 14001 жақсартуға, экологиялық ағартуға және өзектендіруге бағытталған жобалар».   

  1. «Экологиялық акциялар» номинациясы:

«Табиғатты қорғау акциясы»  - презентациялар,  есептер  түріндегі есептер,    сонымен қатар сенбіліктер, көгалдандыру, су объектілерін тазарту және т.б. түріндегі  іс –шаралар қабылданады;

«Экологиялық сөзжұмбақ» - өнеркәсіптік экология, экологиялық бақылау аспаптары, табиғи ортаның ластану  мониторингі  және қоршаған ортаның ластануын  бақылау әдістері жөніндегі сұрақтар қамтылады;

«Адамдар бірге – қалдықтар бөлек!» - қалдықтарды қазіргі заманға сай және бөлек-бөлек жинау ұсыныстары қабылданады, қызметкерлерге қалдықтардың экологиялық проблемасына  өз көзқарастарын білдіру  мүмкіндігі ұсынылады.

 

Шығармашылық жұмыстарға қойылатын талаптар:

Әдеби шығармашылық жұмыстары - Word форматында 300 сөзден аспауы тиіс, электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Экологиялық жобалар бойынша жұмыстар - Word форматында  1 500 - 2 000 сөзден артық болмауы керек, электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Экологиялық акциялар бойынша   жұмыстар – Word форматында 400-500 сөзден көп  болмауы керек, кроссвордтар  –  торы таза сөзжұмбақ   болуы тиіс, тапсырмалар  тігінен және көлденеңінен берілген, сонымен бірге сөзжұмбақтың  жауаптары берілген  30-40 сөзден кем болмауы тиіс.

 

 

 

Конкурстық материалдарды іріктеу критерийлері:

экологиялық тақырыптың баяндалуы  мен  ашылуы;

экологиялық функционалдылық;

танымдық бағыттылығы;

ерекшелігі;

жаңалығы;

шешімдердің экологиялығы;

экологиялық маңыздылығы.

Фестивальді өткізу шарттары:

Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау үшін «АлЭС» АҚ қазылар алқасы құрылады, оның құрамында  - Қоғамның Басқарма Төрағасы, Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, Басқарма Төрағасының даму жөніндегі орынбасары, Адам ресурстары  басқармасының бастығы, БК Экология қызметінің, кәсіподақ және жастар ұйымдарының өкілдері (1-Қосымша) қамтылады. 

Фестивальді өткізу кезеңдері:

2019 ж.  01 сәуірі -  конкурс туралы хабарлау;

2019 ж. 15 мамырына дейін – шығармашылық жұмыстарды   қазылар алқасы қабылдайды және бағалайды;

2019 ж. 07 маусым –  1-ЖЭО залында экологиялық фестиваль өткізу, сағат 10:00.

Конкурсқа қатысушыларды  көтермелеу түрлері:

Фестиваль финалистері лайықты дипломдармен және материалдық көтермелеумен  марапатталады.

Үздік жұмыстар Қоғамның  сайтында жарияланады.

Жұмыстар келесі электрондық поштаға қабылданады: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. . (Жіберілген жұмыстар кері қайтарылмайды және «АлЭС» АҚ меншігі болып табылады).

Электрондық поштаға жіберілетін жұмыстарға өтінім қоса (2-Қосымша) берілуі керек. 

Корпоративтік  фестивальді өткізу туралы ереженің 1- Қосымшасы

Әділ қазылар құрамы

  1. Н.Т.Мухамед-Рахимов
  2. Г.Ж.Исмухамбетов
  3. С.А.Калиев
  4. Д.Т.Шайжанова
  5. З.С. Арзюкова
  6. В.М. Ситдиков
  7. Е.В. Сильвестрова
  8. Ф.К.Ботакараева

 

Корпоративтік  фестиваль  өткізу туралы ереженің 2- қосымшасы

«Біз жасыл Қазақстан үшінбіз»  корпоративтік  фестивальға қатысу өтінімі

Авторы (Т.Е.Ә.)

 

Жұмыс орны және лауазымы

 

Жұмыс/ұялы  телефоны

 

Жұмыс атауы (номинация)