Акционерлер

«АлЭС» АҚ акционерлері:

– "Самұрық-Энерго" АҚ – 3 244 160 жай акция, 100%. "АлЭС" АҚ жариялаған жай акциялардың жалпы саны 3 700 160 дананы құрайды, оның ішінде 3 244 160 данасы орналастырылған. Акцияларды орналастырудың соңғы бағасы дана үшін 12 500 теңгені құрады. Қоғамның миссиясы техникалық, экологиялық талаптар мен стандарттарға сәйкес жылу және электр энергиясын сенімді және теңгерімді өндіру мақсатында Қоғам активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету болып табылады.

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы бойынша, «АлЭС» АҚ акционерлерінің мынандай құқықтары бар:

1) осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында көзделген тәртіппен қоғамды басқаруға қатысу;

2) дивидендтер алу;

3) қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның iшiнде акционерлердің жалпы жиналысында немесе қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен қоғамның қаржылық есептiлiгiмен танысу;

4) қоғамның тiркеушiсiнен немесе номиналды ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын үзiндi көшірмелер алу;

5) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесіне сайлау үшін кандидатуралар ұсыну;

6) қоғамның органдары қабылдаған шешімге сот тәртібімен дау айту;

7) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жинақтап алғанда иеленген кезде, осы Заңның 63 және 74-баптарында көзделген жағдайларда, өз атынан сот органдарына қоғамның лауазымды адамдарының қоғамға келтірілген залалдарды қоғамға өтеуі және қоғамның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың аффилиирленген тұлғаларының ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу (жасасуға ұсыныс) туралы шешім қабылдау нәтижесінде алған пайданы (табысты) қоғамға қайтаруы туралы талаппен жүгіну;

8) қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сұрау салуға және қоғамға сұрау салу келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде дәлелді жауаптар алу;

9) қоғам таратылған кезде мүлiктiң бір бөлiгiне;

10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда белгіленген тәртіппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға құқылы.