«АлЭС» АҚ Инвестициалық жобалары бойынша акпарат

А.Жақұтов атындағы Алматы 2-ЖЭО

Пайдалануға берілген жылы – 1980-1989.

Негізгі отын түрі – Екібастұз көмірі:
                                тұтыну – жылына 2,2 млн. тонна;
                                қүл – 40%-дан астам.

Қуат: орнатылған электр қуаты – 510 МВт;
          қолда бар электр қуаты – 370,9 МВт;
          белгіленген жылу қуаты – 1 411 Гкал/сағ;
          қолда бар жылу қуаты – 952 Гкал/сағ.

Пайдаланыста: 8 энергетикалық қазандық, 6 турбина.

Құрғақ жиналатын күл үйіндісі: ауданы – 200 га (21 млн. тонна)

«Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы
ЖЭО-2 жаңғырту» Жобасы

Іске асыру мерзімі: 2022-2026 жж.

Негізгі отын табиғи газ:

I іске қосу кешені: 2024 жылғы 4 тоқсан;

II іске қосу кешені: 2025 жылғы 4 тоқсан;

III іске қосу кешені: 2026 жылғы 4 тоқсан.

ТЭН сәйкес белгіленген қуаты: электр – 557 МВт;
                                                     жылу – 816 Гкал/ч.

ТЭН-ге сәйкес жобаның құны: ҚҚС-пен 324,1 млрд. теңге (ТЭН бойынша).

Жобаны іске асырғанға дейін және кейін зиянды заттардың шығарындылары:
2022 жыл – 37, 3 мың тонна;
2026 жылы – 2,5 мың тонна.

Ағымдағы мәртебе:

  • Еуропалық Қайта Құру және Даму банкімен (ЕКДБ) және Азия Даму Банкімен (АДБ) мандаттық хаттарға қол қойылды. 
  • 2022 жылдың қазан айында ЕҚДБ халықаралық стандарттары мен ережелеріне сәйкес EPC мердігерін таңдау үшін екі сатылы ашық тендер жарияланды;
  • АДБ және Қазақстанның Даму Банкімен (ҚДБ) инвестициялық жобаны іске асыру үшін қаражат тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде;
  • 2022 жылғы қарашада Еуропалық Қайта Құру және Даму банкімен Кредиттік келісімге қол қойылды;
  • 2023 жылғы 24 ақпанда ҚДБ Директорлар кеңесінің отырысы жобаны қаржыландыруды мақұлдады;
  • Жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдау үшін АДБ Директорлар кеңесінің отырысы 2023 жылғы наурызға жоспарланған.

Алматы 3-ЖЭО

3-ЖЭО 1962 жылы пайдалануға берілді. Бұл станция конденсациялық режимде жұмыс істейді және қызметі электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіруге бағытталған.

Негізгі отын  Екібастұз көмірі:
                       тұтыну – жылына 947,9 мың тонна.

Пайдаланыста: 6 энергетикалық қазандық, 4 турбина.

Құрғақ қойма күл үйіндісі: ауданы – 44 га (3,4 млн. тонн)

Қуаты: орнатылған электр қуаты – 173 МВт;
            қолда бар электр қуаты – 138,9 МВт;
            белгіленген жылу қуаты – 335,3 Гкал/сағ;
            қолда бар жылу қуаты – 276,4 Гкал/сағ.

«Станцияның қуатын кемінде 450 МВт-қа ұлғайта отырып,
Алматы 3-ЖЭО қайта құру» Жобасы

Жобаның мақсаты: қуаттылығы кемінде 450 МВт болатын станцияны қайта жаңарту ҚР оңтүстік аймағындағы маневрлік қуаттардың сұранысын жабу және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту үшін қажет.

ТЭН сәйкес жобаның құны: 272,9 млрд теңге (ҚҚС-пен)

Жобаны іске асыру мерзімі: 2022-2025 жылдар.

Негізгі отын табиғи газ:
                     жоспарланған тұтыну көлемі – 684,2 млн. н.м3 /жыл.

Орнатылған қуат: электр – 544 МВт;
                               жылу – 160 Гкал/сағ.

Ағымдағы мәртебе:

  • 2022 жылғы 10 қазанда ТЭН-де «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды
  • Жалпы қуаттылығы 543.6 МВт (1хгту + 1х КУ + 1х ПТ) схемасы бойынша екі ПМУ пайдалана отырып, жаңа станция салу
  • 2022 жылғы 14 желтоқсанда сауда-саттық қорытындысы бойынша "АлЭС" АҚ маневрлік генерацияға арналған аукционның жеңімпазы болып танылды. Жарияланған қуаты – 480 МВт.
  • 2023 жылғы 26 қаңтар – "АлЭС" АҚ қол қойған маневрлік қуаттың дайындығын қолдау жөніндегі қызметті сатып алу туралы шарт "жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы" ЖШС-не жіберілді

EPC мердігерін таңдау:

  • Әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеу (ПКО 2.0) процесі жүргізіледі
  • EPC-мердігерді таңдау бойынша тендерлік құжаттаманы дайындау аяқталуда
  • Алдын ала біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілер арасында EPC-мердігерді таңдау бойынша тендер өткізу (ПКО 2.0)

Жоспарланған іс-шаралар:

  • EPC мердігеріне конкурс жариялаудың жоспарланған күні – 2023 жылғы 3 тоқсан;
  • EPC-келісімшарт жасасу – 2023 жылғы 3 тоқсан;
  • Жарғылық капиталға акционерден 50 млрд. мөлшерінде жарна – 2023 жылғы 3 тоқсан;
  • Жабдықтарды жеткізу және құрылыс-монтаждау жұмыстары – 2023-2025 жылдар;
  • Пайдалануға беру – 2025 жылғы желтоқсан.

Алматы 1-ЖЭО

1-ЖЭО – Алматыдағы ең көне ЖЭО (1935 жылы салынған).

2017 жылы ол толығымен газға ауыстырылды.

Белгіленген қуаты: электр – 145 МВт;
                                  жылу – 1 203 Гкал/сағ.
             

«Қуаты ПМУ құрылысымен ЖЭО-1 кеңейту 200-250 МВт» Жобасы 

Әрі қарай кеңейту: электр қуаты 200-250 МВт және жылу қуаты 1 173 Гкал/сағ болатын ПМУ салу.

Жобаның құны: «Мемсараптама» РМК қорытындысын алғаннан кейін 351,2 млрд. теңге.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2024-2029 жылдар.

Ағымдағы мәртебе:

  • 2022 жылғы 28 қаңтарда ЭГжТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті жобаның ТЭН-не ықтимал әсерлер туралы есеп бойынша қорытынды берді.
  • "Қазғзиэнергопром" АҚ ТЭН әзірледі;
  • 2023 жылғы 4 қаңтарда жобаның ТЭН "Мемсараптама" РМК оң қорытындысы алынды.

Жоспарланған іс-шаралар:

  • Ішкі корпоративтік рәсімдерден өту