Айдаров Ансар Айдарович – Директорлар кеңесінің мүшесі

1986 жылы 24 сәуірде дүниеге келген

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы

Білімі – жоғары:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, бітірген жылы: 2008 ж.
Мамандығы – "Халықаралық қатынастар";
Д.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы, бітірген жылы: 2012 ж.
Мамандығы – "Құқықтану";
Гуманитарлық-техникалық академиясы, бітірген жылы: 2013 ж.
Мамандығы – "Экономика және Бизнес".

Соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі:

2020 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Самұрық-Энерго" АҚ Жобалық кеңсесінің басшысы қызметін атқарады;

2013 – 2019 жж. "Энергия Семиречья" ЖШС – Басқарушы директор.

Сондай-ақ, "Qazaq Green Power PLC" Қоғамдық компаниясы Директорлар кеңесінің Төрағасы, "Ereymentay Wind power" ЖШС Байқау кеңесінің Төрағасы және "Екібастұз 1-МАЭС" ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі болып табылады.

"АлЭС" АҚ Директорлар кеңесіне алғаш сайланған күні – 28.08.2023 ж. ("Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің №11/23 хаттамасы).

"АлЭС" АҚ Директорлар кеңесінің жұмыс істеп тұрған құрамына сайланған күні – 28.08.2023 ж. ("Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің №11/23 хаттамасы).

Үлестес компаниялардың тиесілі акцияларының саны мен үлесі – жоқ.