Кәкетай Дархан Жұмаханұлы – Жалпы мәселелер жөніндегі Басқарушы директор

Туылған күні – 29.08.1988 ж.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы

Білімі – жоғары:

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, бітірген жылы – 2009 ж.
Мамандығы – қаржы, қаржы бакалавры.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, бітірген жылы – 2011 ж.
Мамандағы – қаржы, экономика және бизнес магистрі.

Еншілес компанияларға тиесілі акцияларының саны мен үлесі – жоқ

Жұмыс өтілі:

2021 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – "АлЭС" АҚ жалпы мәселелер жөніндегі Басқарушы директоры;
2021 жылғы тамыздан бастап 2021 жылғы желтоқсанға дейін – "АлЭС" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі;
2018 – 2020 жылдары – "АлЭС" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі;
2017 – 2018 жылдары – "Маңғышлақ Мұнай" ЖШС директорының кеңесшісі;
2010 жылдан бастап 2017 жылға дейін бөлшек сауда желісін дамыту секторының маманынан "Газпром нефть-Казахстан" ЖШС клиенттерді сүйемелдеу бөлімінің бастығына дейін;
25.01.2010 – 07.07.2010 жж. – "KEGOC" АҚ ӨТҚ инженері.

Қоғамда жауап беретін сұрақтар шеңбері.

Қоғам қызметінің құжат айналымы мен есептіліктің сапасы мен ауқтылығына басшылық жасайды, бақылауды жүзеге асырады және мынадай бағыттары бойынша:

1) Басқарма Төрағасы үшін талдамалық материалдар мен шолулар, ақпараттық анықтамалар дайындауды қамтамасыз ету;
2) Басқарма Төрағасының өкімдерінің, бұйрықтарының және тапсырмаларының орындалуын бақылайды;
3) Қоғамның ақпараттық және имидждік саясатын іске асыруды үйлестіреді;
4) кадрларға ағымдағы қажеттілікті айқындау және Қоғамның кадр саясаты мен стратегиясын әзірлеуге қатысу;
5) басшы лауазымдарға кадрлар резервін қалыптастыру және даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
6) кадрларды іріктеу, таңдау және орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
7) персоналды басқарудың нормативтік-әдістемелік базасын құру, еңбекті нормалау және ұйымдастыру, персоналды бағалау саласындағы озық тәжірибені зерделеу және қорыту бойынша зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету, әдістемелік және нормативтік әзірлемелерді практикаға енгізу;
8) Қоғамның персоналды оқыту және дамыту жөніндегі қызметін ұйымдастыру;
9) жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, қолданыстағы ұжымдық шартта көзделген еңбекке ақы төлеу, материалдық көмек және әлеуметтік төлемдер қоры бойынша Даму жоспарларының (ағымдағы шығыстар бюджеттері) жобаларын әзірлеуге басшылық етеді;
10) Қоғамда корпоративтік басқару қағидаттарының орындалуын қамтамасыз ету;
11) Басқарма мүшелерінің НӨК карталарын уақтылы әзірлеуді және олардың орындалуын мониторингілеуді қамтамасыз ету;
12) Қоғамда корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
13) ішкі бақылау жүйесі бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
14) Орнықты даму саласындағы бастамалар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
15) Қоғам қызметінің қорытындылары туралы жылдық есепті дайындауды, бекітуді және таратуды қамтамасыз ету;
16) корпоративтік басқару, орнықты даму, КБЖ және Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесі мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;
17) ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне қайта сертификаттау/байқау аудитіне дайындауға бағытталған іс-шараларды уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету;
18) өндірістік департаменттердің Қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер бөлігінде Қоғамның Тексеру комиссиясының қызметін ұйымдастыру;
19) ҚР нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес Қоғам менеджментінің корпоративтік жүйесін енгізу, жұмыс жағдайында ұстау және нәтижелілігін тұрақты жақсарту жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асыру;
20) Қоғамның іс қағаздарын жүргізуді, құжаттау мен мұрағаттаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету;
21) Қоғам Басқармасы Төрағасының бұйрықтарында, Қоғамның басқармасы мен Директорлар кеңесінің шешімдерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Жалпы мәселелер бойынша басқарушы директордың тікелей әкімшілік бағынысында:

  • Ұйымдастырушылық сүйемелдеу басқармасы;
  • Адам ресурстарын басқару;
  • Корпоративтік даму басқармасы;
  • Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі;
  • Шаруашылық басқару.

Жалпы мәселелер бойынша басқарушы директордың функционалдық бағынысында өндірістік департаменттерде орындалатын міндеттер мен функциялар бөлігінде Қоғамның өндірістік департаменттері директорларының орынбасарлары болады.