Аргинбаева Әсел Амантайқызы – Экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директоры

Arginbaeva A M

Туған күні – 24.03.1975 ж.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы

Білімі – жоғарғы: Қазақ Мемлекеттік басқару Академиясы, бітірген жылы – 1996 ж.

Мамандығы – қаржы және несие, банк ісі, экономист.

Еншілес компанияларға тиесілі акцияларының саны мен үлесі – жоқ

Жұмыс тәжірибесі:

2020 ж. – қазіргі уақытқа дейін – "АлЭС" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі;
11.2017 ж. – 2019 ж. – "АлЭС" АҚ Басқарма Төрағасының Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі;
2015 ж. – 11.2017 ж. – "АлЭС" АҚ экономика жөніндегі Басқарушы директоры;
2012-2015 жж. – "АлЭС" АҚ Экономика басқармасының бастығы;
2011-2012 жж. – "Алматы электр станциялары" АҚ бюджет, тарифтер және экономикалық талдау басқармасы бастығының орынбасары;
2006-2011 жж. – "MedeuResort" ЖШС Бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары;
2005-2006 жж. – "Miracle" ЖШС қаржы директоры;
2005 ж. – "Уркер Косметик" АҚ қаржы талдаушысы;
2004 ж. – "Самат Шоу Техник" ЖШС экономисі;
2002-2004 жж. – "Эйр Қазақстан" АҚ экономикалық талдау және жоспарлау департаментінің бюджетті жоспарлау және атқару бөлімінің экономисі;
1997-1998 жж. – ҚР Халық банкінің жетекші инспекторы, персоналмен жұмыс жөніндегі менеджері, Алматы облыстық филиалы.

Марапаттары:

2015 ж. – "Самұрық -Энерго" АҚ Құрмет грамотасы
2016 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы
2017 ж. – Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Құрмет грамотасы

Қоғамда жауап беретін сұрақтар шеңбері

Қоғам қызметінің құжат айналымы мен есептіліктің сапасы мен уақтылығына басшылық жасайды, бақылауды жүзеге асырады және мынадай бағыттары бойынша:

1) компанияның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге, өндіріс көлемін ұлғайтуға, еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігі мен рентабельділігін арттыруға, өзіндік құнын төмендетуге бағытталған Қоғамның қаржы-экономикалық саясатын және оны іске асыру стратегиясын әзірлеуді қамтамасыз ету;
2) перспективалық және ағымдағы қаржы жоспарларын, тарифтік сметалар мен есептеулерді, ақша қаражаты бюджеттерін жасау жөніндегі жұмыстарға жалпы басшылықты жүзеге асыру, бекітілген жоспарлар мен бюджеттердің көрсеткіштерін және олардан туындайтын тапсырмаларды, лимиттер мен нормативтерді Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне жеткізу;
3) Қоғамның қызметтеріне тарифтерді, тарифтік сметаларды бекітуге өтінімдер беру, олардың қала мен облыстың ТМРжБҚД-не өтуін сүйемелдеу;
4) қаржыландыру көздерін айқындау, даму және трансформация жөніндегі Басқарушы директормен бірлесіп "АлЭС" АҚ инвестициялық бағдарламасын қаржыландыру үшін қаражат тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
5) Қоғамның есеп саясатын жетілдіру, салықтық жоспарлау және салық салуды оңтайландыру, бағалы қағаздар эмиссиясын дайындау және жүргізу, жобалардың инвестициялық тартымдылығын және қаражат салудың орындылығын талдау және бағалау, меншікті және қарыз капиталының арақатынасын реттеу жөніндегі жұмысқа жалпы басшылықты жүзеге асыру;
6) Қоғамның Жалғыз акционеріне Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды, Қоғамның Жалғыз акционері айқындаған нысандар бойынша және мерзімдерде Қоғамның даму жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету;
7) қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысын, қаржы қаражатының жай-күйін, қозғалысын және нысаналы пайдаланылуын, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін, салықтық және өзге де міндеттемелердің орындалуын бақылау;
8) Қоғамның және оның бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне кешенді экономикалық талдау және бағалау жүргізуді ұйымдастыру, шаруашылықішілік резервтерді пайдалану, жұмыс орындарын аттестаттау және ұтымды ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
9) табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
10) банктермен, аудиторлық компаниялармен, басқа қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық;
11) Қоғамның шоғырландырылған аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін дайындау;
12) жасалған шарттар бойынша дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу;
13) Қоғамда қолданылатын жоспарлы, есептік және есептік құжаттаманың ұтымды нысандарын әзірлеуді ұйымдастыру, сондай-ақ шаруашылық қызметті жоспарлау, есепке алу және талдау саласында экономикалық есептеулер жүргізу үшін автоматтандырылған басқару жүйелері мен есептеу техникасының қазіргі заманғы құралдарын кеңінен енгізу;
14) өз құзыреті шегінде нұсқаулар шығару;
15) Қоғам Басқармасы Төрағасының бұйрықтарында, Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесінің шешімдерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Жұмысты басқарады және бақылайды:

  • Экономика басқармасының;
  • Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы;
  • Қазынашылық басқармасы.

Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директордың функционалдық бағынысында Қоғамның өндірістік департаменттерінің директорлары өндірістік департаменттерде жоспарлы-экономикалық бөлімшелер мен бухгалтерлік қызметтер орындайтын міндеттер мен функциялар бөлігінде болады.