Туған күні – 04.05.1965 ж.
Азаматтығы – Қазақстан Республикасы
Білімі – жоғары:
В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, мамандығы: машина жасау технологиясы, металл кесетін станоктар мен құралдар, бітірген жылы – 1987 ж.
Халықаралық бизнес университеті, мамандығы: Ұйым менеджменті, бітірген жылы – 2005 ж.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, мамандығы: Электр энергетикасы, бітірген жылы – 2015 ж.
Еншілес компанияларға тиесілі акцияларының саны мен үлесі – жоқ
Жұмыс тәжірибесі:
2021 ж. – қазіргі уақытқа дейін – "АлЭС" АҚ Басқарма Төрағасы;
2016-2021 жж. – "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы" АҚ, Басқарма Төрағасы – Директорлар кеңесінің мүшесі;
2014-2016 жж. – "Маңғыстау электр желісін тарату компаниясы" АҚ, Басқарма Төрағасы;
2009-2014 жж. – "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ қалалық тарату желілері жөніндегі басқарма бастығынан қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директорға дейін;
2005-2009 жж. – "АӨК" АҚ элетр желілері ауданының бастығынан қалалық тарату желілері бойынша департамент директорына дейін;
2002-2004 жж. – "Қазтрансойл" ЖАҚ, бастықтың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары;
1999-2002 жж. – "Горкоопторг" ЖШС, директордың қаржы жөніндегі орынбасары;
1991-1999 жж. – "Тау" ЖШС, Директор;
1990-1991 жж. – Қәсіпкерлік қызмет;
1987-1989 жж. – "Қызылту" өндірістік бірлестігі, Инженер-технолог, бас технолог.
Марапаттары мен атақтары:
2020 ж. – "ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл" медалі
2017 ж. – "Самұрық-Энерго" АҚ мерейтойлық медалі
2016 ж. – ҚР Энергетика министрлігінің "Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін" медалі
2016 ж. – "КAZENERGY" медалі
2016 ж. – "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалі
2015 ж. – "Еңбегі сіңірген энергетик" Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Төсбелгісі
2014 ж. – "ТМД еңбек сіңірген энергетигі" ТМД Электр энергетикалық кеңесінің құрметті атағы
2008 ж. – "10 жыл Астана" Медалі
Қоғамда жауап беретін сұрақтар шеңбері.
Қоғамға жалпы басшылықты жүзеге асырады:
1) Қоғамның ағымдағы операциялық қызметін жүзеге асырады;
2) Қоғамның Жалғыз акционері, Қоғамның Директорлар кеңесінің және Қоғамның Басқармасы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
3) Қоғам қызметінің ҚР Заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
4) Қоғам ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
5) Қоғамның даму стратегиясын, Қоғамның даму жоспарын, қызметтің негізгі көрсеткіштерін және олардың нысаналы мәндерін, Қоғамның дивидендтік саясатына, Қоғам қызметінің басым бағыттарына қатысты ұсыныстарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
6) Қоғамның Жалғыз акционеріне Қоғам қызметінің негізгі көрсеткіштеріне және олардың нысаналы мәндеріне қол жеткізу туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
7) Қоғамның тәуекелдерді басқару жүйесіндегі кемшіліктер туралы Директорлар Кеңесін хабардар етеді;
8) Қоғамның директорлар Кеңесіне Қоғамның даму стратегиясын, қоғамның даму жоспарын іске асыру, Қоғам қызметінің түйінді көрсеткіштеріне және олардың нысаналы мәндеріне қол жеткізу туралы, Қоғамның түйінді тәуекелдері және оларды басқару тиімділігі туралы басқарушылық есептілікті, сондай-ақ Қоғамның директорлар Кеңесі бекіткен басқарушылық Есептіліктің тәртібі мен нысандарына сәйкес өзге де есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
9) Қоғамның директорлар Кеңесінің Төрағасын Қоғам қызметіндегі маңызды оқиғалар туралы хабардар етеді;
10) жылдық қаржылық есептілікті, Қоғамның аралық қаржылық есептілігін және Қоғам қызметінің қорытындылары туралы жылдық есепті дайындауды қамтамасыз етеді;
11) Қоғамның кадр саясатын, оның ішінде Қоғам қызметкерлерін қабылдауды, орнын ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады, Жалғыз акционер бекіткен қоғамның штат кестесіне сәйкес Қоғам қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының және айлықақыларға дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, мүшелерін үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, мүшелерін қоспағанда, Қоғам қызметкерлерінің сыйлықақыларының мөлшерін айқындайды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қоғам Басқармасының, Ішкі аудит қызметінің қызметкерлерінің, Қоғамның Корпоративтік хатшысының және өзге де қызметкерлердің;
12) Қоғам Басқармасының жұмысын ұйымдастырады, Қоғам басқармасының отырыстарын шақырады;
13) Қоғамның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы қызметін қамтамасыз етеді;
14) Қоғамның ұйымдық құрылымы мен штат кестесін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
15) ішкі бақылау, Корпоративтік даму басқармасы, тәуекелдерді басқару бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және Қоғам қызметінің ҚР заңнамасына және ҚР мемлекеттік органдарының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
16) әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, өндірістік және еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді;
17) белгіленген тәртіппен мемлекеттік құпияларды қорғауды, жұмылдыру жұмысын ұйымдастырады;
18) өндірістік департаменттердің табиғат қорғау іс-шараларын орындауын ұйымдастырады;
19) өндірістік департаменттердің экологиялық заңнаманы сақтауын бақылайды;
20) өндірістегі жазатайым оқиғаларға жол бергені үшін дербес жауапты болады;
21) Қоғамның барлық персоналы үшін салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;
22) "АлЭС" АҚ өндірістік департаменттерінің және бас Кеңсенің тиісті бөлімшелерінің компанияның өндірістік, қаржылық және шаруашылық қызметі мәселелері бойынша селекторлық (қызметтік) кеңестер өткізеді;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның жарғысына сәйкес Қоғамның жарғысына сәйкес Қоғамның осы органдары мен Басқармасының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, өзге де өкілеттіктерді, оның ішінде Қоғамның Жалғыз акционері мен Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдері негізінде жүзеге асырады.
Төмендегілердің жұмысын басқарады және бақылайды: