Мұсабеков Расулбек Ақылбекұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі (Аға тәуелсіз директор)

Musabekov

1958 жылы 27 қазанда дүниеге келген

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы

Білімі – жоғары:

Қазақ химия-технологиялық институтын, механикалық факультетін, Шымкент қ., (химия өндірістерінің машиналары мен аппараттары), бітірген жылы – 1976 ж.;

Алматы энергетика институтын, Жылу-энергетика факультетін, Алматы қ., (жылу электр станциялары, инженер-жылу энергетигі), бітірген жылы – 1980 ж.

Техника ғылымдарының кандидаты, Энергетика доценті.

Соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі:

2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Алматы энергетика және байланыс институты, "Өнеркәсіптік жылу энергетика" кафедрасының меңгерушісі.

"АлЭС" АҚ Директорлар кеңесіне алғаш сайланған күні – 30.03.2018 ж. ("Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің №02/18 хаттамасы).

"АлЭС" АҚ Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамына сайланған күні – 08.04.2021 ж. ("Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің №04/21 хаттамасы).

"АлЭС" АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі шешімімен (№04/21 хаттама) "АлЭС" АҚ Директорлар кеңесінің тағайындау және сыйақы комитетінің мүшесі болып сайланды.

Қоғамның, жеткізушілердің және бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.