Өстенов Бағдәулет Нағыметбекұлы – «АлЭС» АҚ күрделі құрылыс және трансформация жөніндегі басқарушы директоры

Туған күні – 11.07.1977 ж.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы 

Білімі – жоғары:

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, бітірген жылы – 2010 ж.
Мамандығы – Электр энергетикасы.

Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, бітірген жылы – 2018 ж.
Мамандығы – МВА, Топ-менеджмент.

Еншілес компанияларға тиесілі акцияларының саны мен үлесі – жоқ

Жұмыс тәжірибесі:

2021 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – "АлЭС" АҚ Күрделі құрылыс және трансформация жөніндегі Басқарушы директоры;
2018-2021 жж. – Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС Басқарушы директоры;
2016-2018 жж. – "АлЭС" АҚ Басқарма Төрағасының даму жөніндегі орынбасары;
2016 ж. – "ШҚ АЭК" АҚ Басқарма Төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары;
2013-2016 жж. – "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ қалалық тарату желілері басқармасы «2» Электр желілері ауданының бастығы;
2011-2013 жж. – "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ қалалық тарату желілері басқармасының «2» электр желілері ауданының электр энергиясын есепке алу және талдау жөніндегі аудан бастығының орынбасары;
2010-2011 жж. – "АЖК" АҚ техникалық шарттар басқармасының техникалық қадағалау бастығы;
2008-2010 жж. – Жамбыл АЭЖ "Ұзынағаш" учаскесінің шебері;
2007-2008 жж. – "Алматы Пауэр Консалидэйтед" АҚ электр энергиясын беру және бақылау департаментінің аудит бөлімінің инспекторы;
2006-2007 жж. – "Алматы Пауэр Консалидэйтед" АҚ аудит қызметінің инженері;
1996 жылдан 2006 жылға дейін – электр есептегіштерін пайдалану жөніндегі электрмонтерден метрология қызметінің шеберіне дейін өтті.

Марапатталды:

2009 ж. – "Невада-Семей" Халықаралық антиядролық қозғалысының (ХАҚ) 20-шы құрметіне Медаль
2014 ж. – ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің Құрмет грамотасы
2015 ж. – "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медалі
2015 ж. – Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығы
2016 ж. – "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалі
2020 ж. – "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медалі
2020 ж. – ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің Еңбек сіңірген энергетигі
2020 ж. – "ГОЭЛРОҒА 100 жыл" медалі
2021 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Еңбек сіңірген энергетигі
2021 ж. – "Ерен еңбегі үшін" Қазақстан Республикасының медалі

Қоғамда жауап беретін сұрақтар шеңбері:

Қоғам қызметінің құжат айналымы мен есептіліктің сапасы мен уақтылығына басшылық жасайды, бақылауды жүзеге асырады және мынадай бағыттары бойынша:

1) Қоғамның инвестициялық бағдарламасын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) инвестициялық саясатты және нарықтық экономика жағдайында Қоғам дамуының перспективалық бағытын айқындайды;
3) Қоғамның инвестициялық қызметін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлауды ұйымдастырады қамтамасыз етеді;
4) Экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директормен бірлесіп, "АлЭС" АҚ инвестициялық бағдарламасын қаржыландыру үшін қаражат тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру, қаржыландыру көздерін айқындауды қамтамасыз етеді;
5) Қоғам объектілерін қайта жаңарту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту және жаңа құрылыс бөлігінде инвестициялық жобаларды іске асырылуын қамтамасыз етеді;
6) Қоғамның инвестициялық бағдарламасының орындалуын бақылауды және талдауды, түзетулер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;
7) Күрделі құрылыс, өндірісті реконструкциялау және жаңғырту, инвестициялық ресурстарды нысаналы және ұтымды пайдалану бөлігінде жасалған инвестициялық шарттардың, келісімдер мен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;
8) Техникалық қайта жарақтандыру және өндіріс тиімділігін арттыру бөлігінде бизнес-жоспарларды жасауға, қажетті қаржы қаражатын, оның ішінде инвесторлардың жабдықтарды салу, жобалау және сатып алу үшін қаражатын, сондай-ақ күрделі салымдарды қаржыландыру көздерін айқындауға қатысады;
9) Күрделі құрылыстың перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуді, қолданыстағы активтерді (инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды) кеңейтуді, жаңартуды, қолдауды, реконструкциялауды және техникалық қайта жарақтандыруды ұйымдастыруды, оларды белгіленген тәртіппен келісуді және бекітуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
10) Күрделі құрылыс, өндірісті реконструкциялау және жаңғырту, инвестициялық ресурстарды нысаналы және ұтымды пайдалану бөлігінде жасалған инвестициялық шарттардың, келісімдер мен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;
11) Құрылыс және реконструкциялау объектілері бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті барлық материалдарды уақтылы беруді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
12) Құрылыста аяқталған объектілерді тапсыру, қабылдау және пайдалануға беру бойынша жұмыстарды жүргізуді (мердігер ұйымдармен бірлесіп) қамтамасыз етеді;

Ұйымдастыруды жүзеге асырады және бақылауды қамтамасыз етеді:

1) Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық және басқа да техникалық құжаттамаларды уақтылы дайындау және беру үшін;
2) Құрылыс ұзақтығының белгіленген нормаларының және өндірістік қуаттар мен негізгі қорларды іске қосу мерзімдерінің сақтауға, барлық құрылыс-монтаждау және басқа да құрылыс жұмыстарын орындау мерзімдері мен сапасына, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, құрылыс нормалары мен қағидаларына, стандарттар мен техникалық шарттарға, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау нормаларына сәйкестігіне, еңбекті ұйымдастыру талаптарына;
3) Жобалау және құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауына, қажет болған жағдайларда шарттарда көзделген санкциялар ұсынуды қамтамасыз етуге;
4) Экологиялық заңнама талаптарының, сондай-ақ күрделі құрылыс объектілерін авторлық және техникалық қадағалау саласындағы талаптардың сақталуына;

13) "Самұрық-Қазына" АҚ Холдингінің ақпараттық дерекқорларын, оның ішінде отандық тауар өндірушілер тізілімін, сондай-ақ отандық тауар өндірушілер және олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық дерекқорларын пайдалана отырып, отандық тауарлар нарығының мониторингі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
14) баға ақпаратын алу көздерін, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген топтарына баға деңгейлеріне мониторинг жүргізу кезеңділігін айқындау және бекіту;
15) Ішкі жоспарлық, есептік және есептік құжаттаманың ұтымды нысандарын әзірлеуді, сондай-ақ есепке алу және есептеу операцияларын жүргізу, жобалау-сметалық және құжаттаманың басқа да түрлерін жасау және талдау үшін автоматтандырылған басқару жүйелері мен есептеу техникасының қазіргі заманғы құралдарын кеңінен енгізуді ұйымдастырады;
16) Күрделі құрылыс бойынша есеп жүргізу және есептілік жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
17) Трансформация бағдарламасы жобаларының іске асырылуын бақылайды;
18) Қоғамның бизнес-процестерін стандарттау мен оңтайландыруға, сондай-ақ трансформация жобаларының жоспарларына сәйкес жаңа ақпараттық жүйелерді енгізуге бағытталған іс-шаралар кешенін орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
19) Баға ақпаратын алу көздерін, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген топтарына баға деңгейлеріне мониторинг жүргізу кезеңділігін айқындау және бекіту жөнінде басшылықты жүзеге асырады;
20) "АлЭС" АҚ Қаржы-шаруашылық қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша құрылатын комиссиялардың жұмысына қатысады (тендерлік, бюджеттік, негізгі құралдарды қайта бағалау, персоналды аттестаттау және т.б.);
21) Қоғам Басқармасы Төрағасының бұйрықтарында, Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесінің шешімдерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Жұмысты басқарады және бақылайды:

  • Күрделі құрылыс басқармасы;
  • Баға маркетингін басқару;
  • Әдістеме және трансформация бөлімі.

Күрделі Құрылыс және трансформация жөніндегі Басқарушы директордың функционалдық бағынысында "АлЭС" АҚ өндірістік департаменттерінің директорлары, бас инженерлері және директорларының орынбасарлары өндірістік департаменттерде күрделі құрылыс, өндірісті реконструкциялау және жаңғырту, оның ішінде цифрландыру және трансформациялау бағдарламасын іске асыру бағыттары бойынша құрылымдық бөлімшелер орындайтын міндеттер мен функциялар бөлігінде болады.