Туған күні – 18.09.1973 ж.
Азаматтығы – Қазақстан Республикасы
Білімі – жоғары:
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, бітірген жылы – 1998 ж.
Мамандығы – құқықтану.
Еншілес компанияларға тиесілі акцияларының саны және үлесі – жоқ
Жұмыс тәжірибесі:
08.2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – "АлЭС" АҚ Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры;
25.08.2017 жылдан 08.08.2022 жылға дейін – Нұр-Сұлтан қаласының Адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат болып жұмыс істеді;
05.2015 жылдан 10.2015 жылға дейін – "Богатырь Көмір" ЖШС Бас директорының кеңесшісі;
02.2014 жылдан 05.2015 жылға дейін – "Богатырь Көмір" ЖШС Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры;
11.2010 жылдан 02.2014 жылға дейін – "Ақсұңқар" ЖШС Бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары;
06.2012 жылдан 05.2015 жылға дейін – "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС тексеру комиссиясының мүшесі;
07.2008 жылдан 10.2010 жылға дейін – "ҚазАгро" ҰБХ "ҚазАгроҚаржы" АҚ Корпоративтік хатшысы;
09.2007 жылдан 09.2008 жылға дейін – "Шырай и К" ЖШС директоры;
01.2007 жылдан 09.2007 жылға дейін – "ҚР Білім және ғылым министрлігінің Шаруашылық басқармасы" ЖШС Бас директорының орынбасары;
09.2005 жылдан 04.2006 жылға дейін – "Вагонсервис" АҚ Президентінің көмекшісі;
11.2001 жылдан 11.2004 жылға дейін – ҚР Парламенті төрағасының орынбасарының көмекшісі;
02.2000 жылдан 11.2001 жылға дейін – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының заң шығару қызметі орталығының аға маманы, референті;
06.1996 жылдан 11.1997 жылға дейін – "Тымар" ЖШС заңгері.
Қоғамда жауап беретін мәселелер шеңбері
Қоғам басшылығына уақтылы есеп береді, жұмыстардың орындалуына, ұйымдастырады, жедел мониторинг пен талдау жүргізеді, Қоғам қызметінің келесі бағыттары бойынша жұмыстарды басқарады:
1) Қоғам қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және Қоғамның заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;
2) Басқарма Төрағасы бұйрықтарының, Басқарма мен Директорлар кеңесі шешімдерінің, Қоғам жасасатын шарттардың, келісімдердің жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асыру;
3) Қоғамның қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, тексеру актілері, шығарылған нұсқамалар, Қоғамды жауапта тарту туралы қаулылар бойынша хат алмасу бойынша қарсылықтарды дайындауға қатысу;
4) Қоғамда наразылық – талап арыз жұмысын ұйымдастыру, сот процестеріне қатысу, талап арыздарға, апелляциялық және кассациялық шағымдарға білікті пікірлер дайындауды бақылау;
5) құқықтық сипаттағы мәселелерді қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарда Қоғамның мүдделерін білдіру;
6) Қоғамдағы құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылық жасау;
7) ұжымдық шартты дайындауға және жасасуға, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге қатысу, Қоғам қызметінде еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
8) Қоғам қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындау, сондай-ақ Қоғамға келіп түсетін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар мен ескертулер дайындау;
9) Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша бұйрықтар мен нұсқаулардың жобаларын әзірлеу;
10) шарттар мен келісімдерді дайындау, қол қою, сақтау жөніндегі рәсімдерді әзірлеуді және сақтауды қамтамасыз ету, Қоғамда жасалатын шарттар мен келісімдерді әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның заңды мүдделеріне сәйкес келетін шарттар мен келісімдерге бұрыштама қою;
11) Директорлар кеңесінің отырыстарын өткізуге материалдардың дайындалуына бақылауды жүзеге асыру, Қоғамның корпоративтік хатшысымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
12) өз құзыретіне кіретін, Басқарма отырыстарына шығарылған мәселелерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
13) Қоғамның жылжымайтын мүлікке, жер учаскелеріне құқықтарын мемлекеттік тіркеуге, Қоғам міндеттемелерін кепілмен қамтамасыз етуді беруге байланысты мәселелерді ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру;
14) Басқарма Төрағасының және Басқарма мүшелерінің, Қоғам бөлімшелері басшыларының құқықтық мәселелер бойынша консультациялары;
15) Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша электр энергетикасындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі уәкілетті орган құратын жұмыс топтарына қатысу;
16) Қазақстан Республикасының Қоғамдағы заңнамасын насихаттауды және түсіндіруді ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
17) Қоғамның тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру;
18) Қоғам Басқармасы Төрағасының бұйрықтарында, Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесінің шешімдерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Жұмысты басқарады және бақылайды:
Қоғамның өндірістік департаменттерінің директорлары өндірістік қызмет процесінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бөлігінде құқықтық мәселелер жөніндегі Басқарушы директордың функционалдық бағынысында болады.