Менеджменттің біріктірілген жүйесі (МБЖ)

«АлЭС» АҚ қызметіндегі басым бағыттардың бірі – «АлЭС» АҚ-ға 2011 жылғы 25 қазаннан бастап толықтай енгізілген және жұмыс барысында қолданылып келе жатқан Менеджменттің біріктірілген жүйесін (МБЖ) әзірлеу, енгізу және үздіксіз жақсарту болып табылады.

«АлЭС» АҚ Басқармасының 12.07.2021ж. (№17/21 Хаттама) шешіміне сәйкес МБЖ саласындағы Саясат бекітілді (бұдан әрі – Саясат). Саясатта сапа менеджменті, экологиялық менеджмент, энергоменеджменті және денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменттерімен тығыз байланысты «АлЭС» АҚ қызметінің мақсаттары мен негізгі бағыттары (басшылық ұстанымы) қарастырылған.    

«АлЭС» АҚ келесі менеджмент жүйелері бойынша халықаралық сертификаттарға ие: ISO 9001 (сапа менеджменті), ISO 14001 (экологиялық менеджмент), ISO 45001 (денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігі), ISO 50001 (энергетикалық менеджмент).

МБЖ-ның негізгі тапсырмалары:

  • қызметтің тұрақты жақсару процесін қоса отырып, МБЖ-ны тиімді пайдалану арқылы тұтынушылардың қанағаттануын жоғарлату;
  • тұтынушыларды сәйкес нормативтік құжаттар талаптарына сай келетін, тұтынушының сұранысы мен болжамын қанағаттандыратын, қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін және персоналдың денсаулығының қауіпсіздігін және еңбегін қорғауға кепілдік беретін сапалы өніммен қамтамасыз ету;
  • энергетикалық менеджмент жүйесін әзірлеу арқылы энергияны әлдеқайда тиімді пайдалану.

МБЖ бойынша жоғары басшылық өкілі «АлЭС» АҚ Басқармасы мүшесінің құрамынан, Басқарма Төрағасының бұйрығымен тағайындалады.

МБЖ бойынша «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінің өкіліне өндірістік департаменттердің Бас инженерлері тағайындалады, тағайындалу «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығымен ресімделеді.

«АлЭС» АҚ-да жыл сайын Халықаралық сертификаттау ұйымының аудиторларымен МБЖ қадағалау аудиті жүргізіледі және үш жыл сайын МБЖ қайта сертификаттау аудиті жүргізіледі.  

2021 жылдың басында Жалғыз акционер SKE 07.05.М – «Менеджменттің корпоративтік жүйесін жетілдіру» жобасын жүзеге асыруға кірісті, аталған жобаның мақсаты Холдингтің қызметін ISO9001, ISO14001, ISO45001, ISO50001 халықаралық стандарттарға сәйкес тиімді және транспарентті басқару.