«АлЭС» АҚ тәуекелдерді басқару жүйесі

Қоғам жүйені дамытудың маңыздылығын және тәуекелдерді басқару рәсімін дер кезінде сәйкестендірудің, бағалаудың, мониторингтеудің қаржының тұрақтылығы мен беделіне теріс әсер етіп, орын алатын ықтимал оқиғалардан қорғайтын корпоративтік басқарудың негізгі бір бөлшегі екенін түсінеді.

Тәуекелге бағдарланған басқаруды ұйымдастыру, сыртқы және ішкі ортаның өзгеруіне дер кезінде ден қою, сондай-ақ тәуекелдерді азайту мақсатында Қоғам тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін енгізеді және жетілдіріп отырады: тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелердің тәуекел-үйлестірушілері тағайындалды, тәуекелдерді басқарумен байланысты мәселелерді алдын ала қарастыру және мақұлдау үшін Тәуекелдерді басқару комитеті құрылды, тоқсан сайын негізгі тәуекелдерді басқару бойынша есептер қалыптастырылады, тәуекелдерді басқару бойынша ішкі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беріледі.

Қоғамның Директорлар кеңесі шоғырландырылған тіркелімді, тәуекелдер картасын, негізгі тәуекелдерді сипаттай және талдай отырып әзірленген тәуекелдерді негізгі басқару бойынша тоқсан сайынғы есептерді бекітті. Тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану мақсатында Қоғамның Директорлар Кеңесі Қоғамның инвестициялық, операциялық және қаржылық қызметінің түрлері бойынша шектеулерді (тәуекел дәрежесін) бекітті.

Тәуекелдерді сәйкестендіру кезінде Қоғам сараптамалық бағалауға, статистикалық деректерге, келген шығындардың дерекқорына, аудиторлық және басқа да тексерулердің нәтижелеріне және т.б. сүйенеді. Тәуекелдер тізілімі мен картасына кіретін тәуекелдер өзектілігі мен маңыздылығы деңгейін анықтау үшін үнемі (жыл сайын) қайта қаралады.

Тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес Қоғам стратегиялық, операциялық, қаржылық, құқықтық тәуекелдерді бөледі.

Қазақстан Республикасы экономикасының қарқынының төмендеуі, ұлттық валюта бағамының әлсіреуі, электр энергетикалық нарық құрылымының өзгеруі және тарифті оңтайландыру жағдайлары Қоғамның жұмыс істеу жағдайларына әсер етеді. Бұл ретте, мемлекет пен Жалғыз акционер тарапынан қолдаудың болуы ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілікті дамытуға және арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, 2024 жылға арналған «АлЭС» АҚ-тағы тәуекелдерді сәйкестендіру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша Қоғамдағы қызметке байланысты 36 тәуекел сәйкестендіріліп, бағаланды, тиімділіктің шекті мәндері жаңғыртылды, тәуекел иелері тәуекел факторлары мен оларды төмендету жөніндегі іс-шараларға өзекті сипат берді.