А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО


tec2 panorama

Алматы ЖЭС-2 құрылысы 1974 ж. бірінші кезектің жобалық 240 мың.кВт. қуатымен басталды, сейсмикалық қауіпсіздік деңгейін жоғарылату мақсатында станция 12 метр тереңдікке көмілген еді. Станцияда алғаш рет пайдалануға өнімділігі сейсмикалық айырмашылықта 420т/сағ болатын қазан агрегаттары енгізілді. 1980-1983 жылдары пайдалануға үш БКЗ-420-140-7С типті бу қазандары және үш ПТ-80/100-130/13 типті турбина енгізілді. Құрылыстың 2-кезегі 1985-1989 жылдары жүзеге асырылды.

gradirni tec2 Осы жылдары пайдалануға тағы төрт БКЗ-420-140-7С булы қазан, біреуі Р-50-130/13 типті бу турбинасы және екеуі Т-110/120-130-5 типті бу турбинасы енгізілді. Станцияның орнатылған қуаты мынаны құрайды:

  • электр - 510 МВт
  • жылу - 1176 Гкал/с

ЖЭС электр энергиясын конденсациялық режимде аяғына дейін өңдейтін жылу графигі бойынша жұмыс істейді.

Батыс жылу кешеніне жылу беру Dy = 800мм мен 1000мм жылу магистральдары бойынша жүзеге асырылады. Жылы сумен қамтамасыз ету жүйесі ашық. Жылуды жіберудің температуралық графигі –қыстағы желілік суының арнайы барынша жоғары температурасы - 1350С дейін, жазда – 700С.

ЖЭС-2 АПК АҚ-ны қайта ұйымдастырғаннан кейін 2007ж. 15 ақпаннан бастап «Алматы электр станциялары» АҚ құрамында жұмыс істей бастады.