2012 жылы объектілерді қайта құрастыру

2012 ж. «Алматы электр станциялары» АҚ бойынша инвестициялық міндеттемелердің орындалу қорытындысы.

Қол қойылған «Инвестициялық міндеттемелер туралы» келісімге сәйкес ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен және «2011-2012 жылдарға арналған «Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасын бекіту туралы» бекітілген бірлескен бұйрығымен бекітілген ТМРА-мен «АлЭС» АҚ-да қолдағы активтерді жаңа құрылысқа ауыстыру жаңарту, қайта құрастыру, техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі, сондай-ақ өндірістің ағымдағы деңгейін ұстап тұру үшін 17,3 млрд. теңге сомасында іс-шаралар орындалды.

Инвестициялық міндеттемелерді орындау шеңберінде мынадай негізгі міндеттемелер орындалды:

- 2012 ж. «КазРосЭнергоПроект» ЖШС ТЭН әзірледі. «АлЭС» АҚ ЖЭС-1 газға ауыстырып және БГҚ орнатып қайта құрастыру мен кеңейту.

- «Қапшағай ГЭС-нің төменгі бьефіндегі арнаны тазалау». Құрылыс-монтажды жұмыстар басталды, соның нәтижесінде төменгі бьеф деңгейінің күтіліп отырған төмендеуі Қапшағай ГЭС-інде жылына орташа алғанда 16 млн. кВт.с электр энергиясын қосымша өндіруге мүмкіндік береді.

rek2012-1

 

- ЖЭС-1 мен ЖЭС-2 Алматы кен орнының жер асты суларын пайдалану жобалары әзірленді. Күтіліп отырған әсер - 72,2 млн. теңге сомасындағы қаражатты үнемдеу.

- жер асты суларының Покровка кен орны ЖЭС-3 өнеркәсіптік су іркуішін кеңейту аяқталды. Шығыс суы 400 м3/сағ болатын жалпы пайдасы бар төрт пайдаланылатын ұңғыма бұрғыланды.

- Каскад ГЭС-і (1 және 2 кезеңдер) магистральды құбырлардағы суды есепке алу аспаптары орнатылған.

- Физикалық тозған жабдықты ауыстыру және оны пайдалану мерзімін ұзарту үшін ЖЭС-1, ЖЭС-2, ЖЭС-3, Қапшағай ГЭС-і мен Каскад ГЭС-нің жылу-және гидро электр жабдығына қайта құру жүргізілді, оның ішінде:

  • Қазан агрегаттары мен ЖҚЖ турбиналардың пайдалану сенімділігін жоғарылату мақсатында ЖЭС-1, ЖЭС-2, ЖЭС-3 қазан агрегаттары мен турбиналардың барабандарындағы су деңгейлерінің магнитті көрсеткіштері орнатылған.
  • Қапшағай ГЭС-інде АҮҚ-220 кВ жабдығының қайта құрастырылуы басталды
  • Гидроагрегат пен гидрогенератор тораптары мен элементтерінің ресурстарын қалпына келтіру есебінен тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету сенімділігін жоғарылату мақсатында Қапшағай ГЭС-і департаментінің қалдық ресурсын анықтау үшін толық бөлшектеу мен инструментальды зерттеу жүргізе отырып гидроагрегаттың күрделі жөндеуі орындалды.

rek2012-2

 

 

 -ЖЭС-3 күл тастағышын қайта құрастыру мен кеңейту. № 4 секциясының «Шағын» алаңын кеңейту жөніндегі іс-шаралар кешенінің орындалуы басталды, бұл 2013-2015 жж. кезеңінде күл шлактарын қабылдау мен орналастыру үшін алаңдардың болмауынан станцияның тоқтауына жол бермейді.

rek2012-3

 

- Инвестициялық міндеттемелерді орындау аясында 3 эмульгаторды монтаждау аяқталды (ЖЭС-2 және ЖЭС-3). Табиғатты қорғау органдарының талаптары орындалды, күл ұстау құрылғыларының ПӘК жоғарлады, зиянды заттардың (күлдің) жалпы шығарылуы төмендетілді, аймақтың экологиясына жағымсыз әсері азайтылды. 3 қазан агрегаттарындағы күл шығару жылына 5 270 тоннаны құрады.

rek2012-4

 

- Азот қышқылдарының эмиссиясын төмендету мақсатында ЖЭС-1 және ЖЭС-3 қазан агрегаттарының жану құрылғылары жетілдірілді.

rek2012-5

 

ЖЭС-2 күл шлакты жою бойынша құрамдастырылған жүйесі (3 кезең). ҚМЖ орындау. Күл тастағыштардың жаңа ыдыстарын дайындау бойынша шаралар кешенін орындау басталды.

rek2012-6

 

- Генераторлық ажыратқыштарды элегазды ажыратқыш блогына ауыстыру арқылы турбогенератор өткізгіштерін қайта құру жасалды, ЖЭС-2 айырғышы – тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету сенімділігі жоғарлады, қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіз жұмыс істеу жағдайын қамтамасыз ету
-ст. №1 – 4 ЖЭС-3 желдеткіш градирендерінің қайта құрылуы аяқталды.

rek2012-7

 

- ЖЭС-1 департаментінің №11 «В» ст. орта жүрісті дестелеуіш МВС-125А диірмені ауыстырылды.

rek2012-8