2010-2011 жылдарда объектілерді қайта құрастыру

2010-2011 жж. «Алматы электр станциялары» АҚ бойынша инвестициялық міндеттемелердің орындалу қорытындысы.

Қол қойылған «Инвестициялық міндеттемелер туралы» келісімге сәйкес ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен «АлЭС» АҚ-да қолдағы активтерді жаңа құрылысқа ауыстыру жаңарту, қайта құрастыру, техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі, сондай-ақ өндірістің ағымдағы деңгейін 16,3 млрд. теңге соамсында ұстап тұру іс-шаралар орындалды.

Инвестициялық міндеттемелерді орындау шеңберінде мынадай негізгі міндеттемелер орындалды:

  • Каскад ГЭС-ін қайта құрастырудың техникалық-экономикалық негіздеуді (ТЭН) әзірлеу басталды;
  • Іле өзеніндені Кербұлақ ГЭС-ін бақылайтын құрылыстың ТЭН әзірленді;
  • ЭЦ-1 газға ауыстыру және ГТҚ (газтурбиналы қондырғы) орнатып қайта құрастырудың ТЭН әзірленді;
  • ЖЭС-2, ЖЭС-3 қазан агрегаттарында эмульгатор қондырғыларымен күл ұстағыш қондырғыларын қайта құрастыру өңірдің экологиясына теріс әсерді төмендетуге және рұқсат етілген зиян заттардың жалпы шығарылуларын жылына 5 600 тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік берді;
  • ЖЭС-2 мен ЖЭС-3 градиренді пайдалануға ендіру – орташа алғанда орнатылған және қолда бар қуат арасында ажырауды 120 МВт-ға (ЖЭС-2 90 МВт-ға, ЖЭС-3 30 МВт-ға) төмендетуге мүмкіндік берді;
  • Қапшағай ГЭС-нің гидроагрегаттарын қоздыру жүйесін қайта құрастыру – жабдықты пайдалану мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік берді;
  • Қапшағай ГЭС-нде гидрогенераторларпды қоздыру жүйесін турбинаны гидрореттеу жүйесіне байлау (ГРАРМ) – жабдықты пайдалану коэффициентін ұлғайтуға мүмкіндік берді;
  • Каскад ГЭС-нің бекер шығарылуының құбырын қайта құрастыру – судың уақтылы шығарылуын жүзеге асыруға және станцияның апатсыз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді;
  • ЖЭС-1, ЖЭС-2, ЖЭС-3 майлы 110 кВ сөндіргіштерді элегаздыларға ауыстыру – электр энергия тұтынушыларының сенімділігін жоғарылатуға мүмкіндік берді;
  • ЖЭС-1 газ бөлу пунктін қайта құрастыру – газбен жасақтау сенімділігін және электр станциясының отынын есепке алу дәлдігін жоғарылатуға мүмкіндік берді;
  • ЖЭС-1, ЖЭС-2, ЖЭС-3 тұссыздандыратын қондырғыларды қайта құрастыру – ағыс сулардағы қоспалардың мөлшерін маңызды түрде азайтуға және жек қажеттіліктер үшін су шығыстарын төмендету және химиялық реагенттер мен ионды алмастыру материалдарының шығындары есебінен азайтуға мүмкіндік берді;
  • ЖЭС-3 қазандардың буқұбырлары мен турбиналарын, сондай-ақ біріктіргіш бу коллекторын қайта құрастыру – өзінің паркті ресурсын істеп тастаған физикалық тозған жабдықты ауыстыруға мүмкіндік берді;
  • Электр энергиясын комперциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) енгізу – сервистің сапалы деңгейіне шығуға және энергия ресурстарының шығыстарын тиімді етуге мүмкіндік берді.

ЖЭС-1 АҮҚ 110 кВ 110 кВ сөндіргіштерін элегаздыларға ауыстыра отырып қайта құрастыру (2010 жыл)

foto1

ЖЭС-2 желдеткіш градирендерді қайта құрасытру (2010 жыл)

foto1

Қапшағай ГЭС-нде гидроагрегаттарды қоздыру жүйесін ГРАРМ жүйесіне байлау (2010 жыл)

foto1

Қапшағай ГЭС-нде тазалау ғимараттары мен канализациялық желілерін қайта құрастыру (2010 жыл)

foto1

ЖЭС-3 күлтастауды қайта құрастыру және кеңейту (2010 жыл)

foto1

Қайта құрастыруға дейінгі және қайта құрастырғаннан кейінгі ЖЭС-3 градиендер (2011ж)

foto1 foto1

Қайта құрастыруға дейінгі және қайта құрастырғаннан кейінгі ЖЭС-2 градиендер (2011ж)

foto1 foto1

«АлЭС» АҚ Дкпартаменттері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖА) (2011ж)

foto1