2013 жылы «Алматы электр станциялары» АҚ бойынша инвестициялық міндеттемелердің орындалу қорытындысы

«2013 жылға арналған «Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасын бекіту туралы» бірлескен бұйрығымен бекітілген ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен және ТМРА-мен қол қойылған «Инвестициялық міндеттемелер туралы» келісімге сәйкес «АлЭС» АҚ-да қолдағы активтерді ауыстыру, жаңарту, қайта құрастыру, техникалық қайта жарақтандыру, жаңа құрылыс,  сондай-ақ өндірістің ағымдағы деңгейін қолдау үшін 17,3 млрд. теңге сомасында іс-шаралар орындалды.

Инвестициялық міндеттемелерді орындау шеңберінде мынадай негізгі іс-шаралар орындалды:

- 1-ЖЭО-ның жеке су іркуіш құбырының құрылысы (1-кезең);

- 1-ЖЭО жылу желісін толықтыру үшін су дайындау қондырғысын (СДҚ) қайта құру (1-кезең);

- 1, 2, 3-ЖЭО азот оксидтерінің шығарындыларын азайту мақсатында қазандық қондырғыларының қыздырғыш қондырғыларын жаңғырту;

- 3-ЖЭО-да салқындататын айналымдағы суды автоматты өңдеу жүйесін ауыстыру;



- Қапшағай ГЭС № 2 гидро агрегатын күрделі жөндеу;

- Қапшағай ГЭС-інің №1 пайдаланушылық су ағызғыш туннельдерінің едендік беттерін қалпына келтіру;

- Суұрма тақтаның темірбетон бетін және тақта мен Қапшағай ГЭС төменгі бъефінің шегін байланыстыратын деформациялық жігін қалпына келтіру;

- 2-ЖЭО-ның күл қожды шығару құрама жүйесі (3 технологиялық кезең);

- Алматы 2-ЖЭО қайта құру және кеңейту. ІІІ кезең. Бойлер бөлмесі (желілік су коллекторлық және аккумуляторлық резервуарларын қоса алғанда) №8 ст. қазан агрегатысыз.

- 3-ЖЭО-ның №4 күл үйіндісінің «Кіші алаңын» кеңейту;



- ЖЭО-1 №11 «Б» МВС-125А роликті орта жүрісті диірменді ауыстыру;



- 3-ЖЭО АТҚ-220 кВ ЭЖЖ 2113 сөндіргішін апаттық жөндеу;



- «Қапшағай ГЭС» департаментінің қоршауларын орнату бойынша жұмыстар;

- БЖК мазут бактарындағы мазутты есепке алу жүйесі;