«2013 жылға арналған «Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасын бекіту туралы» бірлескен бұйрығымен бекітілген ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен және ТМРА-мен қол қойылған «Инвестициялық міндеттемелер туралы» келісімге сәйкес «АлЭС» АҚ-да қолдағы активтерді ауыстыру, жаңарту, қайта құрастыру, техникалық қайта жарақтандыру, жаңа құрылыс, сондай-ақ өндірістің ағымдағы деңгейін қолдау үшін 17,3 млрд. теңге сомасында іс-шаралар орындалды.
Инвестициялық міндеттемелерді орындау шеңберінде мынадай негізгі іс-шаралар орындалды:
- 1-ЖЭО-ның жеке су іркуіш құбырының құрылысы (1-кезең);
- 1-ЖЭО жылу желісін толықтыру үшін су дайындау қондырғысын (СДҚ) қайта құру (1-кезең);
- 1, 2, 3-ЖЭО азот оксидтерінің шығарындыларын азайту мақсатында қазандық қондырғыларының қыздырғыш қондырғыларын жаңғырту;
- 3-ЖЭО-да салқындататын айналымдағы суды автоматты өңдеу жүйесін ауыстыру;
- Қапшағай ГЭС № 2 гидро агрегатын күрделі жөндеу;
- Қапшағай ГЭС-інің №1 пайдаланушылық су ағызғыш туннельдерінің едендік беттерін қалпына келтіру;
- Суұрма тақтаның темірбетон бетін және тақта мен Қапшағай ГЭС төменгі бъефінің шегін байланыстыратын деформациялық жігін қалпына келтіру;
- 2-ЖЭО-ның күл қожды шығару құрама жүйесі (3 технологиялық кезең);
- Алматы 2-ЖЭО қайта құру және кеңейту. ІІІ кезең. Бойлер бөлмесі (желілік су коллекторлық және аккумуляторлық резервуарларын қоса алғанда) №8 ст. қазан агрегатысыз.
- 3-ЖЭО-ның №4 күл үйіндісінің «Кіші алаңын» кеңейту;
- ЖЭО-1 №11 «Б» МВС-125А роликті орта жүрісті диірменді ауыстыру;
- 3-ЖЭО АТҚ-220 кВ ЭЖЖ 2113 сөндіргішін апаттық жөндеу;
- «Қапшағай ГЭС» департаментінің қоршауларын орнату бойынша жұмыстар;
- БЖК мазут бактарындағы мазутты есепке алу жүйесі;