АлЭС –Батыс жылу кешені

ztkБЖК бастамасы 1963 жылғы 26 қарашада салынған еді. Ол кезде екі су жылытатын қазан орнатылды және пайдалануға берілді, 1964-67 жылдары пайдалануға тағы бір су жылытатын және бес булы қазан беріледі. Қазандық АМҚК ведомстволық керек-жарағында болды және АМҚК өзі мен Алматының батыс аудандарын жылумен және бумен қамтамасыз етті.
1972 жылы қазандық Алматы Жылу Желілері Кәсіпорындарының (АЖЖК) құрамына берілді және ол Батыс аудан қазандығы (БАҚ) атауына ие болды. Бұдан кейін, 1973 жылы тағы да бір су жылытатын қазандық орнатылды. Қаланың өсуімен бірге оның жылуға деген қажеттілігі өсті.Осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін 1975-78 жылдары төр су жылытатын қазан орналастырылған тағы бір қазандық цехі құрылды. Бұл цехке Оңтүстік-Батыс аудандық цехі (ОБАЦ) атауы берілді.
1978-80 жылдары ЖЭС-2-ЗРК Dy = 800мм және 1000мм жылу магистральдары салынды және қазіргі уақытта қаланы жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін жеті жылу магистралі жеткізілген ОЖҮП (Орталық Жылу Үлестіру Пункті) пайдалануға енгізілді. ОЖҮП өзі арқылы қалалық жылу желіліерінде айналып жүретін 2/3 суды өткізеді, және шын мәнінде Алматы қ. «жылу жүрегі» болып табылады.

80 жылдардың басында каланың батыс аудандарын белсенді түрде құру етек алды, сонымен бірге Горисполкомның УКС-мен тағы бір қазандық цехін құру туралы шешім қабылданды. 1986 жылы бірінші, ал 1988 жылы - сондай-ақ АПТС-тың құрамына кірген Жаңа-Батыс аудандық қазандықтың (ЖБАҚ) екінші кезеңі құрылды.

1998 жылы АПК РКТ департаментінің құрамында БЖК құрылымдық бөлімшесі, ал 2000 жылы – БЖК АПК жеке департаменті құрылды.
Батыс жылу кешені АПК АҚ құрылғаннан кейін 2007 ж. 15 ақпаннан бастап «Алматы электр станциялары» АҚ құрамында жұмыс істей бастады.

Орналасқан жері: Алматы қ. , Төле би көш., 308
Тел. / факс: (+7727) 256-56-78 / 256-94-29