АлЭС – Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС

Kapchagaiskaia GES

Қапшағай ГЭС-ін жобалауды 1959 жылы, жобаны 1961-1964 жж. аяғына дейін өңдей отырып, С.Я. Жуков атындағы Жалпы кеңестік жобалау-іздестіру «Гидропроект» институтының Қазақ филиалы жүзеге асырды.

1965 ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 25.02.65ж. №266-Р өкімімен құрылып жатқан Қапшағай ГЭС-нің дирекциясы құрылды және оның құрылысы басталған еді.

1970 ж. 1 қазанда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің өкімімен «Қапшағай ГЭС»-і «Алматыэнерго» құрамына кірді.

Mash zal kges1980 ж. Қапшағай ГЭС-нің құрылысы аяқталды және құрылыспен аяқталған Қапшағай ГЭС-ін мемкомиссиямен қабылдау актісіне қол қойылды. Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті 12.05.92ж. барынша жоғары деңгейдегі су қоймасының шегі 479 м. Болатыны туралы № 423 қаулысын қабылданды.

Қапшағай ГЭС-нің машзалы. 1996 жылы Қапшағай ГЭС-і «Алматы пауэр Консалидэйтед» ЖТАҚ («Трактебель» бельгиялық компанияының еншілес ұйымы) құрамына кірді. АПК АҚ-ны құрағаннан кейін Қапшағай ГЭС-і 2007 ж. 15 ақпаннан бастап «Алматы электр станциялары» АҚ құрамында жұмыс істей бастады.

Орналасқан жері: Қапшағай қ.
Тел. / факс: (+7727) 592-05-30
Алматы қ. (+7727) 391-61-08