3-ЖЭО

tec3Қуаты 100 тыс. кВт болатын Алматы ГРЭС-нің бірінші кезектегі құрылысының жобасы Алматы Совнархозының 1959 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілді. Құрылыс басталған жыл - 1957.




teritoria tec31962 жылғы наурызда пайдалануға қуаты 50 мың кВт болатын бірінші энергия блогы жіберілді және электр энергияның алғашқы киловатт сағаттары өндірілді. Алматы Совнархозы берген 1962 жылғы 18 мамырда бекітілген № 192 жобалау тапсырмасына сәйкес АГРЭС-ті 200 мың кВт қуатқа дейін кеңейту жобасы орындалды.

1967 жылы жұмысқа № 6 қазан агрегатын енгізгенде негізінен электр станциясының құрылысы аяқталған болатын.

1965 жылы АГРЭС-тің қуаты жобалық - 200 мың кВт жетті.

gradirni tec3Жылыжай-көшетхана комбинатын жылумен қамтамасыз ету және Өтеген батыр (бұрынғы Энергетический пос.) поселкесін кеңейту кезінде жылуды тұтынуды ұлғайту үшін 1973 жылы жылыту іріктеуді ұйымдастырумен №3 ст. турбинасына, 1976 жылы - № 2 ст. турбинасына, 1985 жылы - №1 ст. турбинасына қайта құрастыру жүргізілді. Аталған қайта құрастырулардан кейін буды іріктей отырып, станцияның жиынтық қуаты 173 МВт құрады.

zolootval tec3Реформалағаннан кейін ЖЭС-3 АПК АҚ 2007 ж. 15 ақпаннан бастап «Алматы электр станциясы» АҚ құрамында жұмыс істей бастады.

Орналасқан жері: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр п.
Тел. / факс: (+7252) 2-11-40/2-47-92