Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО

tec1 Алматы ЦЭС-ін (қазір АлЭС ЖЭС-1) жобалау мен құрылысы 1931 жылы басталды.Ал 1935 жылғы 25 қазанда бірінші агрегат өндірістік жүктемеге қойылды. 1935 жылдың ішінде 1,8 млн.кВт*с электр қуаты өндірілді. Бүгінгі күн үшін – бұл станцияның бір тәулікте өндіретін электр қуаты, дегенмен Алматы үшін қырықыншы жылдардың ортасында турбинаны іске қосу үлкен мереке болды. 1940 жылдарға қарай үш қазан мен үш турбина орнатылды. Жалпы қуаты 10,5 МВт. 1946 жылға дейін қатарға тағы екі турбина мен бір қазан қосылды. Осымен электр станция құрылысының бірінші кезегі аяқталды. Екінші кезекте 1953-54 жж. екі қазан мен қуаты 6,3 МВт ст. №6 турбина монтаждалды және қосылды. Кеңейтудің үшінші мен төртінші кезегі электр энергиясын жылуды тұтынуда өндіру мәселесін шешеді. 1957 жылы орта қысымды қазан және қуаты 12 МВт болатын AT-12 жылыту турбинасы монтаждалды. 1960-61 жылдарда БКЗ-160-100 жоғары қысымды екі қазан және өнеркәсіптік тұтынушыларға және Р-25-90/18 турбинаның су жылытқышына жіберілетін турбина орнатылды және жұмысқа қосылды. 1960 жылы Алматы ЦЭС-тің аты Алматы ЖЭС-і болып өзгертілді. Алғаш рет жылу Алматы ЖЭС-інен 1961 жылғы 4-тоқсанда жіберілді. 1966-67 жж. екі су жылытатын қазандарды монтаждау Алматы ЖЭС-ін кеңейтудің төртінші кезеңін аяқтады. tec11 Станцияны кеңейтудің бесінші кезеңі Алматы қ. бас жоспарын кеңейту есебімен жобаланған. ЖЭС-те 1969 мен 1972жж. аралығында суды жылыту және оны өнеркәсіптік тұтынушыларға жіберу үшін буды іріктейтін екі турбина орнатылды. Төрт БКЗ-160-100 қазандары және 100 Гкал/сағ күші бар екі ПТВМ-100 су жылытатын қазан монтаждалды. 1976-79жж. жұмысқа тағы үш су жылытатын қазан енгізілді. 2000 жылдың аяғында аз тиімді жабдық жұмыстан алынып тасталды және қайта монтаждалды. Жиынтық қуаты 145 МВт болатын үш бу турбинасы – біреуі Р-25-90/18 және екеуі ПТ-60-90/13, алты БКЗ-160-100 жоғары қысымы бар қазан және 100 Гкал/сағ бойынша жеті ПТВМ-100 су жылытатын қазандар жұмыс істеп тұр. ЖЭС-1 АПК АҚ болып қайта құрылғаннан кейін 2007 ж. 15 ақпаннан бастап «Алматы электр станциялары» АҚ құрамында жұмыс істей бастады.

Орналасқан жері: Алматы қ., Сейфулин даңғ., 433

Тел. / факс: (+7727) 296-89-27 / 296-89-92