Стратегиялық мақсаттар

Қоғам өз қызметін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған бірыңғай Даму стратегиясы шеңберінде жүзеге асырады, оның негізгі мақсаттары::

  • қатысу нарығында энергия ресурстарының сенімді және бәсекеге қабілетті жеткізілімін қамтамасыз ету;
  • тұрақты даму;
  • акционерлік капитал құнын арттыру.

Стратегияны мониторингтеу және іске асыру мақсатында Қоғамның Директорлар кеңесі және «Самұрық-Энерго» АҚ стратегиялық сессиялар өткізеді, сессия барысында қызметтің негізгі бағыттары, Қоғамға жүктелген міндеттер, проблемалық мәселелер, тәуекелдер және даму стратегиясын іске асыру бойынша түзету шаралары талқыланады.