Исабаев Нуржан Шаганбекович – құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор

Туылған күні – 17.05.1980 ж.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы

Білімі – жоғары:

ҚР ІІМ Академиясы, бітірген жылы 2001 ж.
Мамандығы: Құқықтану,
Біліктілігі: Заңгер.

Мамандығы: Қаржы,
Біліктілігі:Қаржыгер.

Гумарбек Даукеев атындағы "Алматы энергетика және байланыс университеті" МЕАҚ, бітірген жылы: 2022 ж.
Мамандығы: Электр техникасы және энергетика.

 

Үлестес компаниялардың тиесілі акцияларының саны және үлесі – жоқ

Жұмыс тәжірибесі:

2023 – бастап қазіргі уақытты – Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры – "Алматы электр станциялары" АҚ Басқарма мүшесі;
2022-2023 жж. – Заңгерлік сүйемелдеу қызметінің бастығы, Адам ресурстары басқармасының жетекшісі (қоса атқарушы) "Insight Consult" ЖШС;
2016-2022 жж. – Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры – "Алматы электр станциялары" АҚ Басқарма мүшесі;
2013-2015 жж. – Құқықтық мәселелер жөніндегі бас кеңесші "BDO Tax and Advisory" ЖШС;
2009-2010 жж. – Заң бөлімінің бастығы "UMEX GROUP" ЖШС;
2009-2009 жж. – Заң бөлімінің бастығы "Юридическая компания UMEX" ЖШС;
2006-2009 жж. – Заң бөлімінің бастығы "UMEX Realty" ЖШС;
2004-2006 жж. – Алматы қаласы ІІД ҚБ ұйымдасқан қылмысқа байланысты қылмыстарды тергеу бөлімінің аға тергеушісі;
2002-2004 жж. – Алматы қ. ҚІІБ ҚБ ұйымдасқан қылмысқа байланысты қылмыстарды тергеу бөлімінің аға тергеушісі;
2001-2002 жж. – Алматы қ. Түрксіб АІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі.

Марапаты:

2019 ж. – ҚЭҚ Құрмет грамотасы.

Қоғамда жауап беретін мәселелер шеңбері:

Қоғам қызметінің келесі бағыттары бойынша жұмыстардың орындалуын басқарады, ұйымдастырады, жедел мониторинг пен талдау жүргізеді және Қоғам басшылығы алдында уақтылы есеп береді:

1) Қоғам қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және Қоғамның заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;
2) Басқарма Төрағасы бұйрықтарының жобаларының, Басқарма және Директорлар кеңесі шешімдерінің, Қоғаммен жаса латын шарттардың, келісімдердің жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асыру;
3) Қоғам қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетті ұйымдастыру, тексеру актілері, шығарылған нұсқамалар, Қоғамды жауапкершілікке тарту туралы қаулылар, хат алмасу бойынша қарсылықтарды дайындауға қатысу;
4) Қоғамда арыз – талап жұмысын ұйымдастыру, сот процестеріне қатысу, талап қою арыздарына білікті пікірлер, қарсылықтар, апелляциялық және кассациялық шағымдар дайындауды бақылау;
5) құқықтық сипаттағы мәселелерді қарау кезінде мемлекеттік органдарда Қоғамның мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіру болып табылады;
6) Қоғамдағы құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылық жасау;
7) Ұжымдық шартты дайындауға және жасасуға, әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттеуге қатысу, Қоғам қызметінде еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
8) Қоғам қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындау, сондай-ақ Қоғамға келіп түсетін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар мен ескертулер дайындау;
9) Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша бұйрықтар мен нұсқаулардың жобаларын әзірлеу;
10) Шарттар мен келісімдерді дайындау, қол қою, сақтау жөніндегі рәсімдерді әзірлеуді және сақтауды қамтамасыз ету; Қоғамда Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның заңды мүдделеріне сәйкес келетін шарттар мен келісімдерді әзірлеуге қатысу;
11) Директорлар кеңесінің отырыстарын өткізуге материалдар дайындауға бақылауды жүзеге асыру, Қоғамның корпоративтік хатшысымен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру;
12) Басқарма отырыстарына шығарылған, өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
13) жылжымайтын мүлікке, жер телімдеріне Қоғамның құқықтарын мемлекеттік тіркеуге, Қоғам міндеттемелерін кепілмен қамтамасыз етуді беруге байланысты мәселелерді ұйымдастыру, басқару, үйлестіру;
14) Басқарма Төрағасы мен Басқарма мүшелеріне, Қоғам бөлімшелері басшыларына құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру;
15) Басқарма Төрағасының тапсырмасымен электр энергетикасындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі уәкілетті орган құратын жұмыс топтарына қатысу;
16) Қоғамда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттауды және түсіндіруді ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
17) Қоғамның тәуекелдерін басқару жүйесін жетілдіру;
18) Қоғам Басқармасы Төрағасының бұйрықтарында, Қоғам Басқармасының және Директорлар кеңесінің шешімдерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Жұмысын басқарады және бақылайды:

  • Заң басқармасының;
  • Корпоративтік даму және тәуекелдер басқармасының.

Қоғамның өндірістік департаменттерінің директорлары және ҚҚБ басшылары өндірістік қызмет процесінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бөлігінде Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директордың функционалдық бағынысында болады.