Омбудсмен

 

Сасыков Ербол Абылкасымович

«АлЭС» АҚ омбудсмені

«АлЭС» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Корпоративтік іскерлік этика кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес Омбудсмен - Кодекстің ережелерін Қоғамда жүзеге асыруға және сақтауға ықпал ететін тұлға. Омбудсмен туралы Ережеге сәйкес Омбудсменді тағайындау Қоғамның директорлар кеңесімен тағайындалады.

Омбудсмен туралы Ережеге сәйкес Омбудсменнің рөлі:

  • өтініш берген қызметкерлерге, еңбек дауларына, жанжалдарға қатысушыларға кеңес беру және қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қоса алғанда, құпиялылықты ескере отырып, өзара тиімді, сындарлы және іске асырылатын шешімді әзірлеуге жәрдемдесу;
  • Қоғам қызметкерлерінің проблемалық әлеуметтік және еңбек мәселелерін шешуге, сондай-ақ Қоғам қызметкерлерінің іскерлік этиканы сақтауға жәрдемдесу;
  • дауларға, жанжалдарға немесе жанжалдарды (дауларды) реттеуге қатысты проблемалық жағдайға қатысатын тұлғаларға ұсынымдар әзірлеу;
  • жүйелік, құқықтық және ұйымдастыру сипатындағы, сондай-ақ іскерлік этиканың принциптеріне сәйкес келетін жанжалдардың (даулардың) шешілуі мен алдын-алу туралы Қоғамның лауазымды тұлғаларына кеңес беру;
  • Қоғамның тиісті органдарын және лауазымды тұлғаларын және олардың жүйелі сипаттағы тиісті шешімдер (кешенді шаралар) қабылдауды талап ететін проблемалық мәселелерін қарауды ұсыну, оларды шешу бойынша сындарлы ұсыныстар жасау;
  • өз құзыреті шегінде Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • бұзылған құқықтарды және заңды мүдделерді қалыпқа келтіруге бағытталған басқа да ұсынымдық шараларды қабылдау.

Қоғамның лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері фактілері бойынша мүдделі тұлғалар жүгіне алады:

Достық даңғылы, 7, 217-каб. мекенжайы бойынша «АлЭС» АҚ бас кеңсесінде тікелей Омбудсменге немесе жолсапарда жүргенде Омбудсменнің өндірістік бөлімшелеріне;

Омбудсменнің +7 (7272) 27 70 80 сенім телефоны бойынша және This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жазбаша сауалнама қалдыру арқылы.

шағымдар мен өтініштерді жинау үшін пошта жәшігінің қызметтерін пайдаланыңыз. Омбудсмен келіп түскен қораптағы шағымдарды екі аптада бір рет қарайды.