«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамы («АлЭС» АҚ) – Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу мен электр энергиясын өндіру қызметін жүзеге асыратын энергия өндіруші кәсіпорын. «АлЭС» АҚ Алматы өңірі тұтынушыларының 70% электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етеді, жылу энергиясын өндіру бойынша табиғи монополия субъектісі және электр энергиясын өндіру бойынша үстем жағдайға ие нарық субъектісі болып табылады.