Ішкі ресурстар пайдаланылды

Естеріңізде болса, «Алматы электр станиялары» АҚ жыл сайын атқарылған жұмыстары туралы жүйелі түрде қоғамдық тыңдау өткізіп келе жатыр. Осы ретте, өткен бейсенбіде «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының 7-бабы 7-тармағы 7-3 тармақшаларына сәйкес компанияның жылу энергиясын өндіру және магистральды құбыр жолдары арқылы су беру (химиялық тазартылған суды дайындау) реттелетін қызметтерін ұсыну бойынша 2016 жылғы атқарылған іс-қимылы туралы есепті баяндамасын ұсынды. Ал аталған дәстүрлі қоғамдық тыңдауға өкілетті және мемлекттік органдар өкілдері, соның ішінде, Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департамаентінің қызметкерлері, сондай-ақ, «АлЭС» АҚ қызметінің тұтынушылары мен мүдделі тұлғалар және тәуелсіз сарапшылар келіп қатысты.

Негізі, «Алматы электр станциялары» АҚ табиғи монополиялар субъектісі болып табылады және ол жылу қуатын өндіру мен магистральды құбар желілерімен су беру (химиялық тазартылған суды дайындау) қызметтері бойынша табиғи монополиялар субъектілері Мемлекеттік регистрінің республикалық тарауына енген. Сонымен қатар, «АлЭС» компаниясы Алматы қаласы мен облысына арналған жылу және электр энергиясын өндіретін ірі құрылым саналады. Осы ретте, компания «Самұрық – Энерго» АҚ құрамына кіреді және оған 1, 2, 3 –ЖЭО-тары, Батыс жылу кешені, Қапшағай ГЭС, Алматы ГЭС Каскады, «Энергожөндеу» өндірістік-жөндеу кәсіпорны және ШҚОК енеді.

Міне, басты баяндаманы жасаған қалалық мәслихаттың депутаты, «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов осыларға жан-жақты тоқтала келіп, одан әрі өз есебінде компанияның 2016 жылғы жылу энергиясын өндіру мен химиялық тазартылған су беру қызметі бойынша тарифтік сметаның орындалуына тоқталып өтті. Бұл ретте, Нұрлан Тауфикұлы соңғы жылдары мегаполис тұрғындарының жылу мен ыстық суды тұтыну көрсеткіштерінің азайуы сақталып отырғанын тілге тиек етті. Атап айтқанда, 2011 жылу энергиясын тұтыну 5,7 млн. Гкал-ға жетсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 4,9 млн. Гкал-ға дейін азайып кеткен екен. Сөйтіп, соңғы бес жылда ыстық суды тұтыну 37,4 млн. текше метрден 28,4 млн. текше метрге дейін қысқарғаны байқалған. Нәтижесінде, бұл жағдай реттелетін осы қызмет түрлері бойынша компанияның қаржылық-экономикалық көрсеткішіне айтарлықтай ықпал етіп, келген шығын 169 млн. теңгеге бағаланған. Соған қарамастан, магистральды құбыр желілерімен су жіберу жұмыстары табысты болған. Бұл жерде компания 39 млн. теңге табыс тапқан.

Сондықтан да жылу энергиясына деген сұраныстың құлдырауы компанияға тарифтерді көтеруге салмақ салмай, өндірістік жұмыс барысын оңтайландыруға, өндірістің рентабелдігін арттыру үшін ішкі ресурстарды іздестіруге әсер етуде. Демек, өндірісті жетілдіру болашаққа оң ықпал ететіні анық. Сондықтан да кейінгі жылдары дамудың ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес «АлЭС» АҚ жыл сайын өндірісті жаңартуға миллиардтаған теңге инвестициялап келеді. Тіпті, бұл ретте активтердің жартығасырлық шептен асып кеткені де жасырын емес. Сол сияқты өткен жылы «АлЭС» АҚ капиталдық салымдарға өз қаржысынан және қарыз ретінде 2,7 млрд. теңгені жұмсады.

Бұдан басқа энергетиктер үстіміздегі жылы өткен 28 – Қысқы Универсиада алдында да айтарлықтай қиын сынаққа төтеп беруге де мәжбүр болды. Ал бұл ретте, оларға қосымша жылу қуатын өсіру және спорттық шаралар өтетін нысандарды қосымша электр қуатымен қамтамассыз ету үшін бірқатар жобаларды жүзеге асыру қажет болды. Осыған байланысты, соңғы төрт жылда бөлінген қаржы сомасы 22,9 млрд. теңгені құрады.

Әрине, баяндама өте түсінікті тілде және жан-жақты мәселелерді қамти жасалғандықтан, қоғамдық тыңдауға келген тәуелсіз сарапшылар орын алған қиындықтарға түсіністік танытты. Сол себепті, Алматы қаласы Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Қайырбек пен сол департамент атынан есепті кездесуге қатысқан тәуелсіз сарапшылар Татьяна Попова, Жанна Славко және Шолпан Айтековалар баяндамада қозғалған сөздерді тек байытып қана отырғандары болмаса, артық-ауыз сұрақтар қоя бермеді. Оның үстіне, негізгі баяндаманы жасаған компания басшысы Нұрлан Тауфикұлы жиын соңында тәуелсіз сарапшыларға барлық атқарылған жұмыстар бойынша нақты ақпараттарды толық жеткізіп беруге уәде етті.

Құттыбек Аймахан