2022 жылдың қорытындысы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыру

"Алматы электр станциялары" АҚ тұтынушыларын және өзге де мүдделі тұлғаларды 2022 жылдың қорытындысы бойынша онлайн-трансляция ұйымдастыра отырып, жария тыңдау нысанында есеп өткізетіндігін хабарлайды:

1. Табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері: "Алматы электр станциялары" АҚ, мекен-жайы: Алматы қ., Достық даңғ.,7.

2. Есепті өткізетін күні және орны: 2023 жылғы 21 сәуір күні сағат 15:00-де, Алматы қ., Достық даңғ.,7.

3. Реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрі: жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтер, суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру қызметтері.

Бейнеконференцияға қосылу сілтемесі жария тыңдау өткізілетін күні www.ales.kz "АлЭС" АҚ ресми сайтындағы "Медиа" бөлімінің "Компания жаңалықтары" бөлімшесінде орналастырылатын болады.