2022 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша "АлЭС" АҚ-ның реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуы бойынша есеп беруін өткізу туралы хабарландыру

«Алматы электр станциялары» АҚ тұтынушыларын және өзге де мүдделі тұлғаларды 2022 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнінде жария тыңдау нысанында есеп өткізетіндігін хабарлайды:

1. Табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері: «Алматы электр станциялары» АҚ, мекен-жайы: Алматы қ., Достық даңғ., 7;

2. Есепті өткізетін күні және орны: 2022 жылғы 21 шілде күні сағат 15:00-де, Алматы қ., Достық даңғ., 7, анықтама үшін байланыс нөмірі: 8 (727) 227 70 54;

3. Реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрі: жылу энергиясын өндіру қызметтері, суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру қызметтері.