2021 жылдың қорытындысы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы есеп бойынша қоғамдық тыңдаулар туралы хабарландыру

«Алматы электр станциялары» АҚ тұтынушыларын және өзге де мүдделі тұлғаларды 2021 жылдың қорытындысы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнінде жария тыңдау нысанында есеп өткізетіндігін хабарлайды:

1. Табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері: «Алматы электр станциялары» АҚ, мекен-жайы: Алматы қ., Достық даңғ., 7;

2. Есепті өткізетін күні және орны: 2022 жылғы 22 сәуір күні сағат 15:00-де, Алматы қ., Сейфуллин көшесі, 433 Б.Оразбаев атындағы ЖЭО-1 әкімшілік ғимараты;

3. Реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрі: жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтер, суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру қызметтері.

Алматы қаласындағы коронавирусқа байланысты карантин режимін және эпидемиологиялық ахуалды назарға ала отырып, жария тыңдаулар бейнеконференция форматында өткізілуі мүмкін (Zoom/Skype/Microsoft Teams платформасында). Мұндай жағдайда бейнеконференцияға қосылуға арналған сілтеме жария тыңдаулар өткізілетін күні компанияның ресми сайтында www.ales.kz «Медиа» тарауының «Компания жаңалықтары» бөлігінде жарияланатын болады.