Мегаполиске жылу мен су берушi мекеме

    «АлЭС» АҚ-ның реттелетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі туралы 2018 жылды қорытындылаған қоғамдық тыңдау өтті

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар» Заңының 25-бабы 6-тармағына сәйкес 2019 жылғы 16 сәуірде «АлЭС» АҚ 1-ЖЭО-да реттелетін қызметтерін ұсыну жөніндегі жылдық есебі бойынша тыңдау өткізілді.

    Қоғамдық тыңдауға уәкілетті және мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, т.б. қатысты. Есептік баяндаманы «Алматы электр станциялары» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов жасады.

    – «Алматы электр станциялары» АҚ табиғи монополиялар субъектісі болып келеді, сондай-ақ, жылу энергиясын өндіру және магистральды құбыр жолдары арқылы су беру (химиялық тазартылған суды дайындау) қызметтері бойынша Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне кіргізілді. 2018 жылдың қорытындысы нәтижесінде жылу энергиясын өндіру қызметінің нақты көлемі 5 527 мың. Гкал құрады, ол бекітілген тарифтік сметада қарастырылған көлемнен 183 мың. Гкал немесе 3% артық. Жылу энергиянын өндіру бойынша табыс 21 647,1 млн. теңге, ал шығын 21 777,5 млн. теңге құрады. Жылу энергиясын өндіру қызметіндегі шығын (–130,4) млн. теңге болды. Реттелетін қызметтерді көрсеткен кездегі қолданған активтердің амортизация төлемдері инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін 1 069,8 млн. теңге және «АлЭС» АҚ Алматы 2-ЖЭО қайта құру және кеңейту». ІІІ кезек. №8 ст. қазанагрегаты» инвестициялық несиенің 1 431,7 млн. теңге сомадағы негізгі қарызын өтеу үшін жіберілді.

    2018 жылдың нәтижесінде магистральды құбыр жолдары арқылы суды беру көрсетілген қызметі бойынша нақты көлемі 30,8 млн. м3 құрады, ол, бекітілген тарифтік сметада қарастырылған көлемнен 2,2 млн. м3 немесе 8% артық. Химиялық тазартылған су бойынша табыс 1 824,0 млн. теңге, шығыны 1 740,6 млн. теңге, пайдасы 83,4 млн. теңге құрады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес пайда мен амортизация төлемдер Инвестициялық бағдарламаға жіберілді, – деді АлЭС АҚ Басқарма төрағасы.

    Сондай ақ, есеп беру барысында реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділіктің көрсеткіштерін сақтау мәселелері, 2018 жылы компания қызметінің негізгі қаржылы-экономикалық көрсеткіштері мәселелері қаралды, есеп мерзімінде жіберілген жылу, су көлемдері талданды, компанияның қызметі бойынша алдағы жоспарлы жұмыстар белгіленді.

    АлЭС АҚ Басқарма төрағасы Н.Мұхамед-Рахимов сарапшылар мен бақылаушылар қойған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Нұрлан СҮЙІН