01.09.2022 ж. бастап жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтің өзгеруі туралы

«АлЭС» АҚ стратегиялық тауар құнының – жылу энергетикалық компаниялар үшін тауарлық газды өткізудің бөлшек сауда бағасының өзгеруіне байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменттерінің 2022 жылғы 26 тамыздағы №97-ОД және Алматы облысы бойынша 2022 жылғы 27 тамыздағы №92-ОД бірлескен бұйрығымен 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіле отырып, жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің келесі деңгейлері бекітілді:

– 01.09.2022 ж. бастап – 3 929,83 теңге / Гкал (ҚҚС-сыз);
– 01.01.2023 ж. бастап – 4 003,36 теңге / Гкал (ҚҚС-сыз);
– 01.01.2024 ж. бастап – 4 078,35 теңге / Гкал (ҚҚС-сыз);
– 01.01.2025 ж. бастап – 4 154,85 теңге / Гкал (ҚҚС-сыз);
– 01.01.2026 ж. бастап – 4 232,88 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз).