АлЭС: жаңа Ұжымдық шарт қабылданды

"АлЭС" АҚ-да 2022-2025 жылдарға Ұжымдық шарт жасалды. Бұл компания жұмысын бастағалы бері жаңа редакциядағы жетінші Ұжымдық шарт. "АлЭС" АҚ Ұжымдық шарты екі рет Қазақстан Республикасындағы үздіктердің бірі ретінде танылды. 2015 жылы "Парыз-2015" байқауының "Ірі кәсіпкерлік субъектілері арасындағы Үздік ұжымдық шарт" номинациясы бойынша лауреат атанды. 2020 жылы Компания "Парыз-2020" конкурсының нәтижесі бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің Алғыс хаттарына ие болды.

– Ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт, – деді Адам ресурстары басқармасының бастығы Дария Шайжанова. – Әлеуметтік әріптестік құжаты 2022 жылдың наурыз айында құрылған екіжақты комиссияның қарқынды жұмысының нәтижесінде әзірленді, келісілді және жасалды. Комиссия құрамына тепе-теңдік негізде жұмыскерлердің өкілдері (компанияның құрылымдық бөлімшелерінің кәсіподақ комитеттерінің сегіз төрағасы) және жұмыс берушінің өкілдері (Басқарма Төрағасы бастаған қызмет бағыттары бойынша сегіз басшы) кірді. Құжат компания қызметкерлерімен жасалатын барлық еңбек шарттарының негізі болып табылады.

Өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар бастапқыда "АлЭС" АҚ құрылымдық бөлімшелеріндегі өндірістік ұжымдар деңгейінде қалыптастырылды. Содан кейін департаменттердегі кәсіподақ комитеттерінің төрағалары осы ұсыныстарды Басқарма Төрағасының бұйрығымен жұмыс берушіден және "Энергия" кәсіподағының атқару комитетінің шешімімен қызметкерлерден қалыптастырылған екі жақты комиссияның қарауына шығарды. Бес отырыс өтті. Оның төртеуінде келісу, талқылау, нақтылау, түзету және қандай да бір ұсыныстарды іске асыру жөніндегі қаржылық мүмкіндіктер қарастырылды. Осындай тиянақты жұмыстың нәтижесінде тараптар өзара келісімге келіп, бесінші отырыста Ұжымдық шарт жасасты.

Ұжымдық шарттың алдыңғы редакциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындау кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негізгі қағидаттары, сонымен бірге «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының қызметкерлердің әлеуметтік пакетін жақсарту жағына қарай және Ұжымдық шарттар жасасу туралы (2022 жылғы 25 ақпанда № 9-р бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2022 жылға арналған кешенді жоспар») тапсырмасы басшылыққа алынды.

Ұжымдық шарт әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық тараптарын: жұмыс уақыты мен тынығу уақытын, еңбекке ақы төлеуді, жұмыспен қамтуды, еңбекті қорғауды, корпоративтік төлемдер мен өтемақыларды, әлеуметтік әріптестік тараптарының құқықтарын, міндеттерін, өзара кепілдіктері мен ынтымақтастық негіздерін қамтиды.

– Батыс жылу кешені ұжымы тарапынан өзгерістер мен толықтыруларды алқалы жиынның қарауына 13 нақты ұсыныс жолданды, – деп өз ойымен бөлісті БЖК кәсіподақ төрайымы Алтынай Оңғарбаева. – Ұсыныстардың бірі еңбек сіңірген жылдары үшін біржолғы сыйақыны есептеу үшін өтіл коэффициенттерінің мөлшерін ұлғайту болды. Бұл ұсыныс қабылданды, бұл БЖК қызметкерлері үшін өте жағымды болды. Компания кадрлардың мансаптық өсуіне аса мүдделі – енді энергетикада 5 жылға дейінгі үздіксіз өтілі бар қызметкерлерде еңбек сіңірген жылдары бойынша коэффициент тиісінше 0,4-тен 0,6-ға дейін, 10 жылға дейін 0,7-ден 0,8-ге дейін ұлғайды. Сондай-ақ компания энергетика саласына 30 жылдан астам еңбек еткен қызметкерлер үшін коэффициентті 2,4-ке дейін ұлғайтқаны, олардың еңбегінің құрметтелгені. Бұл керемет ынталандыру және ең бастысы, басшылардың бізді естіп, ұсыныстарымызға ашық екенін көрсетті. Біз Ұжымдық шартпен мақтанамыз, ол әрдайым жақсаруда және АлЭС қызметкерлерін шынымен қорғайды және ынталандырады!

«Алматы электр станциялары» АҚ-ның 2022-2025 жылдарға арналған Ұжымдық шартында сауықтыруға арналған біржолғы жәрдемақы мөлшері 19,3%-ға ұлғайтылды және еңбек сіңірген жылдары үшін біржолғы сыйақыларды есептеу үшін еңбек өтілі коэффициенттерінің мөлшері арттырылды.

– Қазіргі уақытта елімізде халық үніне құлақ асатын мемлекеттің саясаты, жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымының еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-әрекеттері іске асырылуда, бұл саясаттың "АлЭС"АҚ-да іске асырылып жатқанын көрнекі түрде дәлелдейді. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да, басқа департаменттердегідей, ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бөлігінде жұмыскерлерге сауалнама жүргізу бойынша жұмыс жүргізілді, – деп атап өтті 2-ЖЭО экономикалық бөлімінің бастығы Бақытжан Тоқшараев. – Ұсыныстардың басым бөлігі екіжақты комиссиямен қаралып, жаңа редакцияда ескерілді. Станция ұжымы кәсіподаққа және жұмыс берушіге өзгерістер мен толықтырулар енгізгені үшін алғыс білдіреді. Энергетиктердің ауыр физикалық және ақыл-ой еңбегін ескере отырып, денсаулық жағдайын жақсарту үшін сауықтыруға арналған біржолғы материалдық көмек мөлшерін 4 ЕТЖ-тен 90 АЕК-ке дейін ұлғайту туралы шешім қабылданғанын жеке атап өткім келеді. Бұл өзгеріс АЕК-ке байланғандықтан, төлем сомасының жыл сайынғы өсуіне кепілдік береді.

Жаңа құжатта жұмыскерлерді қолдау бойынша төлемдер, оның ішінде маңызды оқиғаларға (баланың туылуы, жұмыскерлер мен зейнеткерлерді марапаттау) байланысты біржолғы төлемдер түрінде төлемдер мөлшері сақталды және ұлғайтылды.

– Мен өндірістік Департаменттің комиссиясында жұмыс істедім және біздің ұсыныстарымыздың қабылданғанына өте қуаныштымын, – деп атап өтті А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО өндірістік департаментінің 1-санатты технигі Ирина Межевская. – Әсіресе, баланың тууына материалдық көмек көрсету бөлігіндегі өзгерістерді атап өткім келеді. Бұрын осы орайда бір жалақы мөлшерінде материалдық көмек берілетін. Жаңа Ұжымдық шартта баланың тууына 100 АЕК-ті цех бастығы, орынбасары немесе қатардағы жұмыскер де алады. Өйткені, ата-ананың жалақысына қарамастан, барлық балалар бірдей туылады. Бұл өзгеріс жұмысшыларды ерекше қуантты, өйткені олардың көпшілігі үшін материалдық көмек мөлшері артты. Сонымен қатар, бұл қаржылық материалдық көмек көрсетудің тең, әділ бөлінуіне сәйкес келеді. Сонымен қатар, егер баланың әкесі, мысалы, турбина цехында, ал анасы химцехта жұмыс істесе, онда ата-ананың екеуі де материалдық көмек алады. Біздің қызметкерлер жаңа Ұжымдық шартқа ризашылық білдіруде.

Ұжымдық шарттың жаңа редакциясында «АлЭС» АҚ зейнеткерлерінің тізіміне бұрын денсаулығына байланысты (оның ішінде мүгедектігі бойынша) жұмыстан босатылғн және кейіннен еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен, тіпті олар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін кіріс алмаған қызметкерлерді қосу құқығы бекітілген.

– Денсаулық жағдайы бойынша, оның ішінде мүгедектігі бойынша жұмыстан босатылған қызметкерлер алдында Жұмыс берушінің әлеуметтік міндеттемелерін бекітетін қосымша тармақ қосқандары үшін кәсіподақ пен жұмыс берушімізге алғысымды білдіремін, – деп жалғастырды 3-ЖЭО қазандық цехының компрессоршысы Раушан Иманбаева. – Сонымен қатар, біз зейнеткерлерімізді ұмытпағанымыз қуантады. Ұжымдық шарт бойынша Энергетик Күніне орай зейнеткерлерді көтермелеу мөлшерін орта есеппен 133,4%-ға арттыру көзделген.

3-ЖЭО химия цехының жұмысшысы Татьяна Макарова жұмысшылардың демалысы туралы ережеге қосымшаға қатты қуанды. Енді скринингтік зерттеулерден өту үшін жыл ішінде үш жұмыс күніне дейін қарастырылған, бұрын күнтізбелік күндер болған, демалыс алуға тура келетін. 12 аптаға дейін жүктілік бойынша Медициналық есепке тұру кезінде әйелдер үшін кем дегенде күнтізбелік үш күн демалыс беріледі. Менің ойымша, Ұжымдық шартқа енгізілген ас маңызды толықтырулар.

Ұжымдық шарттың жаңа редакциясында "Кәсібі бойынша үздік" және "АлЭС" АҚ өндірістік департаменттері арасында еңбекті қорғау бойынша жұмысты үздік ұйымдастыру" кәсіби шеберлік байқау-конкурстарының нәтижелері бойынша сыйлықақы мөлшері ұлғайтылды.

– Сондай-ақ, "АлЭС" АҚ қызметкерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныс құралдарын беру нормалары қызметкерлерді арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету номенклатурасын нақтылау және кеңейту, сондай-ақ оларды пайдаланудың белгіленген мерзімдері бөлігінде 21 позиция бойынша толықтырылды, – деп хабарлады Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Кәрім Сартаев.

Ирина Межевская қазір техник ретінде жұмыс киімін алу үшін номенклатураға енгізілгенін және бұған өте қуанышты екенін айтты. Ал турбина, қазандық цехтарының ауыр жағдайларда жұмыс істейтін персоналы жылына бір рет емес, жылына екі рет арнайы киім мен аяқ киім алатын болады. Жылу оқшаулау бойынша оқшаулаушыларға қысқы жағдайларда жұмыс істеу үшін қосымша жылы күртешелер берілетін болады. Электр цехтарының қызметкерлері жылу қауіптерінен және электр доғаларынан қорғайтын костюмдерді бұрын қарастырылғандай, үш жылда бір рет емес, екі жылда бір рет алатын болады. Ал 2-ЖЭО отын-көлік цехының жүк тиеушілерінде бұрын болмағанаспалы конвейерлерде сумен жуып тазарту жүргізу үшін нормадан жоғары резеңкеленген костюмдер берілетін болады.

– Біз қысқы мерзімде жұмыс істеу үшін қосымша жылы киім-кешек берілетініне қуаныштымыз, – деп толықтырды Сергей Субботин, Каскад ГЭС су қашыртқы – 1-БАО моторисі.

Ұжымдық шарт-жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудың негізі. "АлЭС" АҚ-ның 2022-2025 жылдарға арналған Ұжымдық шарты 2022 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енді, қолданылу мерзімі 2025 жылғы 31 мамырға дейін.