«АлЭС» АҚ 2022-2026 жылдарға жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар  туралы» Заңының 15-бабы 13-тармағына сәйкес ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды «АлЭС» АҚ 2022-2026 жылдарға жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдауларға шақырады.

Еліміздегі санитарлық- эпидемиологиялық ахуалға байланысты қоғамдық тыңдаулар 2021 жылғы 25 қазанда сағат 10:00-де «ZOOM» бейне-конференц байланысы арқылы өтеді және Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында таратылады.

Қосылу сәйкестендіргіші: 562 674 9779, кіру коды: 1234.

Қоғамдық тыңдауларға қосылу үшін сілтемеге Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы өтесіз: https://m.facebook.com/dkrem.almaty/

Байланыс телефондары:

  • Департамент: 8 (727) 271 66 39
  • «АлЭС» АҚ: 8 (727) 227 70 54