АлЭС: ұрпақ байланысы

АлЭС еріктілері  Ұлы Отан соғысының 60 ардагеріне, тыл еңбеккерлеріне және соғыс балаларына тұрақты көмек көрсетеді

"АлЭС" АҚ қызметкерлері "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ "АҚ қолдауымен екінші жыл "Жеңіс"жобасы шеңберінде еріктілер қызметін жүзеге асыруда.

- Біз Талғар қаласы бойынша соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және соғыс балаларына тоқсан сайын барып тұрамыз. Азық - түлік, тұрмыстық техника, медициналық дәрі –дәрмектер және құралдар, бұйымдар  апарып беріп, көмек көрсетеміз, - деп бөлісті "АлЭС"АҚ сатып алу басқармасының жетекші экономисі Мадияр Молдабек.  2021 жылдың қазан айының басында компания қызметкерлері ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және соғыс балаларына Талғар ауданы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы М.С.Бекбосыновпен бірге барып қайтты. Бір рейд барысында еріктілер 30-ға жуық адамға барады. Жыл басынан бері сондай 5 рейд ұйымдастырылды, желтоқсан айына тағы да бір рейд жоспарланып отыр. 

Балалар ардагерлер отбасыларының тұрмыстық техника мен медициналық құралдарға деген қажеттіліктерін алдын ала анықтайды, олардың өтінімдерін ескере отырып жылытқыштар, термос-шәйнектер, шаңсорғыштар, қысқа толқынды пештер, тонометрлер, мүгедектер арбалары, таяқтар, есту аппараттары, памперстер және т.б. сатып алады.

Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері жобаға қатысушыларға көңіл бөлгендері мен көмектері үшін алғыс білдіреді. Отбасына термопот алған Мурунова Күмісбала Түлкібайқызы соғыстың қызған кезінде Отан мен халық қорғаушыларын барлық қажеттілікпен қамтамасыз ету үшін түрлі зауыттарда ауыр жұмыс атқарғаны туралы айтты. Сапаров Жұмабек (Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұшқыш -сынаушы, үш рет жараланған) ауа –райының күрт салқындауына байланысты жылытқышқа мұқтаж болған. Энергетиктердің көмегімен қазір оның бөлмесі әрдайым жылы және жайлы.

- Әрине, қазір ардагерлер аз. Олар Отанын қорғау үшін өз өмірлерін қатерге тіккен адамдар. Олардың батылдығы мен жанқиярлығының арқасында біз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз. Біз ардагерлердің лайықты өмір сүріп, қажеттіліктеріне мүмкіндігімізше көмектескіміз келеді, - деді "АлЭС"АҚ Сатып алу басқармасының бас маманы Алмас Армияұлы.

Екі жыл ішінде "АлЭС" АҚ қызметкерлері ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және соғыс балаларына 9 волонтерлік рейд жасап,  311 адамға  қамқорлық жасап,  көмек берді.