Станцияның кезекші инженері

Өз жұмысы туралы бізге 1-ЖЭО станциясының ауысым бастығы Зейнолла Өтепов әңгімелеп берді.Алматы энергетика және байланыс институтын бітіргеннен кейін, жолдама бойынша 1-ЖЭО-ға жұмысқа орналасып, осы жерде 38 жыл еңбек етуде.

1. Сіз мамандықты қалай таңдадыңыз? Менің бұл мамандыққа деген қызығушылығым бала кезімде басталды. Ауылда әкемнің электрик досы болатын, ол бізге аспаптарға толы шабаданымен жиі келіп тұратын. Ішінде ұқыпты жиналған аспаптары бар шабаданға қатты қызығатынмын. Жасым шамамен 5-6 еді. Ол кезде электр энергиясы дизель генераторынан берілетін. Біз балалар болып үнемі соның жанында ойнайтынбыз. Мені жарықтың қалай жанатыны, токтың генератордан қалай шығатыны қызықтыратын. Өз мамандығым бойынша 38 жыл жұмыс істеп келемін, менің ойымша техникалық білім нағыз керек мамандық. Тиісінше, энергетика-экономиканың таңдаулы саласы.

2. Сіздің жұмыс күніңіз қалай басталады? Станция ауысымы бастығының жұмыс күні ауысымды қабылдаудан басталады. Бұл, ең алдымен, техникалық құжаттамамен мұқият танысу, директивалық материалдарды пысықтау, нұсқамалар, әкімшілік-техникалық өкімдер, электр және жылу сызбалары және т. б. Ауысым басталар алдында жергілікті және диспетчерлік өтінімдер туралы мәліметтер алу қажет. Содан кейін мен алдыңғы ауысым бастығы мен цехтардың ауысым бастықтарының есептерін қабылдаймын. АлЭС диспетчері станцияға электр және жылу жүктемесінің тәуліктік кестесін белгілейді. Әрі қарай мен оны цех бастықтары мен станция басшылығына тапсырамын. Ауысым кезінде цехтардың жұмыс орындарын аралаймын, жабдықтар мен станция аумағын тексеремін. Ауысым барысында жөндеуге шығаруды және өтінімдерге сәйкес жабдықты іске қосуды бақылаймын. АлЭС диспетчерінің берілген режимдерінің сақталуын үнемі қадағалап отырамын. Біздің міндетіміз - технологиялық үдерісті жалпы басқару.

3.Өз міндетіңіз туралы айтып берсеңіз, қарамағыңызда қанша адам жұмыс істейді? Ауысым бастықтарының қарамағында станцияның барлық жедел персоналы болады. Бұл 35 адам. Станцияның ауысым бастығы жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылауды жүзеге асырады.

4.Сіз бірінші кезекте қандай адами қасиеттерді бағалайсыз? Станцияның ауысым бастығының жұмыс күні өте күрделі де, жауапты. Сондықтан мен ең алдымен еңбекқорлық пен жауапкершілік қасиеттерді

5.Нағыз кәсіби маман ретінде ерлік жасап, есіңізде қалған жағдайды баяндап берсеңіз?

Ол уақытта мен электр цехының ауысым бастығы болып жұмыс істедім. Түнгі ауысым болатын. Бір генератор өшіп қалды. Мұның себебі генератордың ішіндегі тоғы трансформаторындағы қысқа тұйықталу болды. Турбоагрегат өртенді. Мен өртті тез арада, уақытында сөндіріп үлгердім. Мұндай жағдайларда ең бастысы - қапы қалмай, тез арада әрекет ету.

6.Сіздің жұмысыңызда ең бастысы?

Біздің жұмысымыздағы ең бастысы – жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

7.Жұмыс барысында кездесетін қиыншылықтар?

Жұмыстағы негізгі қиындық - бұл ескі жабдықпен жұмыс істеу, қажет кезде қандай да бір әрекет жасау үшін көп күш пен уақытты талап етеді.

8.Өз жұмысыңызды не үшін бағалайсыз? 

Біз әр үйге жарық пен жылу береміз. Бүгінде өндірістің бірде-бір саласы электр энергиясынсыз өтпейді. Көшелердің шам жарығы, миллиондаған адамдардың жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету. Менің ойымша, бұл мақтануға тұрарлық іс.

9.Энергетиктердің жас буынына қандай кеңес берер едіңіз?

Көп оқу, үйрену керек және бәріне өте мұқият болу керек. Өйткені біздің мамандығымыз өте қауіпті, үнемі қолданыстағы электр қондырғыларымен жұмыс істегендіктен қауіпсіздік техникасы сақталмаған жағдайда жазатайым оқиға орын алуы мүмкін.

10.Өзіңізді энергетикадан тыс елестетіп көрдіңіз бе?

Оқуды бітіргеннен кейін ғылым саласына кеткім келген, бірақ өндіріс қызықтырақ болды.

11.Станцияда сізге не ұнайды?

Біздің ынтымағы жарасқан ұжымымыз. Біздің екінші отбасымыз!

12.Сіздің алғашқы тәлімгеріңіз кім болды?

Менің алғашқы тәлімгерлерім электр цехының ауысым бастығы Юрий Федорович Митко және Александр Михайлович Розенблит болды. Бұл нағыз кәсіби мамандар, өз ісінің шеберлері. Олар жұмыс орындарын дайындауға ерекше көңіл бөлетін. Бірінші орында, қауіпсіздік техникасын сақтау -  адам өмірін қорғаудың негізі деп айтатын. Мысалы, Юрий Федорович қызметкерлерге нарядтар бойынша рұқсатты жеке өзі беріп, ерінбей әрқайсысымен ҚТ ережелерін сұрап, пысықтап, өндірістің аса қауіпті жерлерінде қосымша плакаттар іліп қоятын. Өкімдер бойынша жұмыс істеу кезінде бізге кіруге тыйым салынатын жерлерді  сызықтармен белгілейтін.

13.Сіз станциямен толықтай таныстыңыз бе?

Сізге өтірік, маған шын, әлі күнге дейін танысудамын.

14.Станциядағы қандай оқиға сізді ерекше таң қалдырды?

Бұл 2018 жылы қаңтар айының соңында болды. Дала қатты аяз болатын. 10 күн бойыз 30 градустық сықырлаған аяз. Жұмыс жабдығы құралдарының жартысы істен шықты, цехтарда - қалың тұман, қызмет көрсету алаңы ішінде қақаған аяз. Бірақ, осыған қарамастан ЖЭО белгіленген кестеге сәйкес үздіксіз жұмыс істеп, қаланы жылумен және электрмен қамтамасыз етті.

15.1-ЖЭО-дағы сіздің еңбек жолыңыз туралы айтып беріңізші. Барлығы неден басталды?

Еңбек жолын 1982 жылы электр жабдықтарына қызмет көрсететін электр монтері болып бастадым. 1986 жылы аға кезекші электр монтері болып ауыстырылдым. Бір жылдан кейін электр цехының ауысым бастығы болып тағайындалдым. 1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін электр станциясының ауысым бастығы болып жұмыс істеймін.

16.Отбасыңыз туралы айтып беріңізші, сізде ерекше хобби бар ма?

Менің 3 балам, немерелерім бар. Мен барлық бос уақытымды отбасыма арнаймын. Сонымен қатар, мен ағаштан жасалатын ұсталарын өте жақсы көремін, өйткені шебер ағаштан керемет дүниелер шығарады.