Исмухамбетов Газий Жумабаевич – Өндіріс жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары – Бас инженер

4 resizeБілімі – жоғары: Алматы энергетикалық институты

Мамандығы - инженер-электрик.

Жұмыс тәжірибесі:
2013 маусым – осы уақытқа дейін «Алматы электр станциялары» АҚ Өндіріс жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары – Бас инженер;
2012-2013 «АлЭС» АҚ – Бас инженер;
2007-2012 «АлЭС» АҚ – бас инженер орынбасары;
2002-2007 «АПК» АҚ – орталық диспетчер қызметінің диспетчері, бас диспетчер, орталық диспетчер қызметінің (ОДҚ) бастығы;
1986-2002 «АПК» АҚ – кезекші электромонтер, аға кезекші электромонтер, электр цех ауысымының бастығы, Алматы ЖЭС-2 ауысымының бастығы;
1984-1985 Алматы энергетикалық институтының жоғары кернеулер кафедрасының инженері.

Марапатталды:
2008 ж. «АлЭС» АҚ грамотасы;
2009 ж. Алматы қ. Әкімінің құрмет грамотасы;
2010 ж. «Самұрық-Энерго» АҚ құрмет грамотасы;
2010 ж. Қазақстан Республикасы ҚЭҚ еңбек сіңірген энергетигі.
Қоғамда жауап беретін мәселелер.
Мына бағыттар бойынша жұмыстардың, құжат айналымның және есептіліктің сапасы мен уақтылығын бақылауды басқарады, жүзеге асырады:

1.1. өндірістік департаменттермен электр және жылу энергиясын өндіру мен жіберуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
1.2. нарықтық экономика жағдайында Қоғамның техникалық саясаты мен техникалық даму бағыттарын, қолданыстағы өндірістің қайта құрастыру жолдары мен техникалық қайта жасақтау жолдарын, өндірістің келешекке мамандану деңгейін анықтау;
1.3. өндірістің және оның тұрақты өсуінің техникалық дайындығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін және еңбек өнімділігін, шығарылып отырған өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өндірістік ресурстарды тиімді пайдалануды көтеру;
1.4. өндірістік департаменттермен табиғатты қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және орындау;
1.5. өндірістік департаменттермен экологиялық заңнаманы сақтауын бақылау;
1.6. Қоғамның энергетиклық жабдықтарының, үйлербьінің, құрылыстары мен инженерлік коммуникацияларын уақтылы және сапалы джөндеу жұмыстарын жүргізілуін ұйымдастыру;
1.7. жаңа техника мен технологияларды ендіру жоспарларын әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру, жобалық шешімдердің тиімділігін қамтамасыз ету, ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды, ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлы жұмыстарды жүргізу;
1.8. өндірістік департаменттерде техникалық қызметтер мен тарифті-білікті комиссиялар қызметіне жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, олардың жұмыс нәтижелерін, қол астындағы бөлімшелерінде еңбек және өндірістік тәртіпті бақылау;
1.9. Қоғам қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату мәселелері жөнінде персоналды даярлау бөлімінің жұмысын үйлестіру;
1.10. жұмыс орындарын түрлендіру, өнімді стандарттау мен сертификаттау, аттестациялау мен рационалдау мәселелері жөніндегі жұмыстардығ метрологиялық қамтамасыз етуді үйлестіру;
1.11. техникалық құжаттаманың (сызбалар, ерекше нұсқамалар, техникалық шарттар, технологиялық карталар) уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету;
1.12. өз құзыры шегінде нұсқаулар шығару;
1.13. Қоғам Басқарма Төрағасының бұйрығымен, Қоғам Басқармасы мен Директорлар кеңесінің шешімдерімен қарастырылған өзге өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Мыналардың жұмыстарын басқарады және бақылайды:
- Бас инженер орынбасары;
- Өндірістік-техникалық басқарма;
- Пайдалану және жөндеу басқармасы;
- Ақпараттық технологиялар басқармасы;
- АСКУЭ, метрология мен байланыс басқармасы;
- Диспетчер басқарамасы.

Өндіріс жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары – Бас инженердің функционалды қол астында департаменттерде өндірістік бөлімшелермен орындалатын өндірістік міндеттер мен функциялар бөлігіндегі Қоғамның Басқарушы директорлары мен Өндірістік департаменттердің бас инженерлері болады.