Аргинбаева Асель Амантаевна – экономика және қаржы Басқармасы төрағасының орынбасары.

Arginbaeva A M

Білімі - жоғарғы: Қазақ Мемлекеттік Басқарма Академиясы.

Мамандығы - қаржы және несие, банк ісі, экономист.

Жұмыс тәжірибесі:

11.2017 ж. - қазіргі уақытқа дейін - экономика және қаржы Басқармасы Төрағасының Орынбасары – Басқарма Мүшесі;
2015 ж. - 11.2017 ж. - «АлЭС» АҚ экономика Басқарушы Директоры;
2012 - 2015 ж. - «АлЭС» АҚ экономикасы Басқармасының бастығы;
2011 -2012 ж. – « Алматы электр станциялары» АҚ тариф және экономикалық анализ, қаржы басқармасы төрағасының орынбасары;
2006 -2011 ж. - «MedeuResort» ЖШС бас қаржы директорының орынбасары;
2005 -2006 ж. - «Miracle» ЖШС қаржы директоры;
2005 ж. - «Уркер Косметик» АҚ қаржы талдаушысы;
2004 ж. - «Самат Шоу Техник» ЖШС экономист;
2002 -2004 ж. - «Эйр Қазақстан» АҚ Экономикалық талдау және жоспарлау департаментінің бюджетті жоспарлау және орындау бөлімінің экономисі;
1997 -1998 ж. - жетекші инспектор, кадрлармен жұмыс жөніндегі менеджер, ҚР Халық банкінің Алматы облыстық филиалы.

Марапатталды:

2015 ж. - «Самұрық -Энерго» АҚ Құрмет мадақтамасы;
2016 ж. - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет мадақтамасы;
2017 ж. - Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Құрмет мадақтамасы.

Қоғамда жауап беретін бір топ мәселелер:

Қызметтің сапасы мен уақтылығына, құжат айналымына және Қоғам қызметінің мынадай бағыттарында есеп беруге бақылауды жүзеге асырады:
1. қоғам саясатының қаржы -экономикалық және компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуінің жүзеге асырылуының стратегиясы, өндіріс көлемін ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру, өндірістің тиімділігі мен пайдалылығы, өндіріс шығындарын азайтуды қамтамасыз ету;
2. болашақты және ағымдағы қаржы жоспарларын, ақшалай бюджетті қалыптастыру, бекітілген жоспарлар мен бюджеттердің көрсеткіштерін, сондай -ақ олардан туындайтын міндеттерді, лимиттерді және стандарттарды Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне дейін жеткізу жөніндегі жұмыстарды жалпы басқаруды жүзеге асыру;
3. компания қызметтеріне арналған тарифтерді, тарифтік сметаларды бекітуге өтінімдерді беру, оларды қаланың және облыстың ДКРЭМС -да өтуіне қолдау көрсету;
4. қаржыландыру көздерін анықтау, «АлЭС» АҚ инвестициялық бағдарламасын қаржыландыруға қаражат тарту бойынша жұмысты Даму кеңесі төрағасының орынбасарымен ұйымдастыру;
5. қоғам Есептік саясатты жетілдіруі, салық салуды жоспарлау және салық салуды оңтайландыру, бағалы қағаздар шығарылымын дайындау және жүргізу, жеке және қарыздық капиталдың қатынасын реттеу жөніндегі жұмыстарды жалпы басқаруды жүзеге асыру;
6. қоғам Жалғыз акционеріне Қоғамның қаржы -шаруашылық қызметінің есептілігін, Қоғамның Жалғыз акционермен орнатылған, тәртібіне және мерзіміне сәйкес жоспарының іске асырырылуының әзірлеуін және көрінісін қамтамасыз етеді.
7. қаржылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, жоспарланған қаражаттың орындалуын бақылау, қаржы -шаруашылық қызметінің нәтижелері, салықтық және өзге де міндеттемелерді орындау;
8. ұйымның және оның бөлімшелерінің өндірістік -шаруашылық қызметінің нәтижелерін жан -жақты экономикалық талдауды және бағалауды ұйымдастыру, ішкі шаруашылық қорларды пайдалану бойынша іс -шараларды әзірлеу, жұмыс орындарын сертификаттау және ұтымды ету;
9. табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органмен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру;
10. банктермен, аудиторлық ұйымдармен, басқа қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық;
11. қоғамның шоғырландырылған аудиттелген жылдық қаржылық есебін дайындау;
12. өз құзыреті шегінде нұсқаулықтар беру;
13. Қоғам Басқармасы төрағасының, Қоғам Басқармасының және Директорлар кеңесінің шешімдерімен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Бақылайтын және басқаратын жұмысы:
• Экономика басқармасы;
• Есеп және есеп беру бөлімі;
• Қазынашылық басқармасы;
Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі функционалдық бағыныстылығында өндірістік бөлімшелерде және бухгалтерлік қызметтерде өндірістік және жоспарлау бөлімшелерінің міндеттері мен функциялары бойынша Қоғамның өндірістік бөлімшелерінің басқарушы директорлары бар.