Какетай Дархан Жұмаханұлы - Жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директор

 

 

Туылған күні – 29.08.1988 ж.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы 

Білімі – жоғары:

1. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, бітірген жылы – 2009 ж. 
Мамандығы – қаржы, қаржы бакалавры.

2. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, бітірген жылы – 2011 ж. 
Мамандағы – қаржы, экономика және бизнес магистрі.

 

Үлестес компанияларға тиесілі акциялардың саны мен үлесі – жоқ 

Жұмыс өтілі:

2021 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – «АлЭС» АҚ Жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры; 
2021 жылғы тамыздан 2021 жылғы желтоқсанға дейін – «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі; 
2018 – 2020 жылдары – «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі; 
2017 – 2018 жылдары – «Маңғышлақ Мұнай» ЖШС директорының кеңесшісі; 
2010 жылдан 2017 жылға дейін «Газпром нефть-Казахстан» ЖШС Бөлшек желіні дамыту секторының маманынан бастап Клиенттерді сүйемелдеу бөлімінің бастығына дейін еңбек жолын өтті;
25.01.2010 – 07.07.2010 жж. – «KEGOC» АҚ ПТС инженері.

Қоғамда жауап беретін мәселелер аумағы

Жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директордың негізгі функциялары: 
1) Қоғам менеджментінің біріктірілген жүйесінің нәтижелілігін қолдауды және тұрақты жақсартуды қамтамасыз ету;
2) корпоративтік басқару, тұрақты даму жүйесін, ішкі бақылау жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету; 
3) Басқарма мүшелерінің ҚТК карталарын уақтылы әзірлеу мен бекіту, сондай-ақ олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;  
4) Басқарма Төрағасының бұйрықтарының, шешімдерінің және тапсырмаларының уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асыру;  
5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, Қоғамның ұжымдық шартын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешенін орындауды қамтамасыз ету;  
6) «АлЭС» АҚ-да Құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету; 
7) Әкімшілік-шаруашылық мәселелерді шешу.

Жалпы мәселелер жөніндеші Басқарушы директор қызметінің мақсаты Қоғамның біріктірілген менеджмент жүйесінің нәтижелілігін жақсарту; Басқарма мүшелерінің ҚТК карталарын бекіту үшін дайындау, сондай-ақ олардың орындалуына мониторинг жүргізу, Қоғамның корпоративтік басқару, тұрақты даму және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру, Қоғамның кадр саясатын жүзеге асыру, Қоғамның еңбек қатынастары саласындағы қызметін ұйымдастыру және қамтамасын ету, еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік ынтымақтастық, Басқарма Төрағасының қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету, Басқарма, Қоғамның әкімшілік-шаруашылық міндеттерін шешу, қоғамда негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру кезінде құжаттау және құжаттаманы басқару процестерін ұйымдастыру.

Жалпы мәселелер жөніндегі Басқарушы директорға тікелей әкімшілік бағынатын құрылымдық бөлімдер:

  • Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету басқармасы;
  • Адам ресурстары басқармасы;
  • Корпоративтік даму басқармасы;
  • Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі;
  • Шаруашылық басқармасы.

Жалпы мәселелер жөніндегі Басқарушы директордың функционалдық бағынысында ұйымдастырушылық, құжаттамалық және шаруашылық қамтамасыз ету, Корпоративтік даму және адам ресурстарын басқару бағыттары бойынша өндірістік департаменттерде орындалатын міндеттер мен функциялар бөлігінде Қоғамның өндірістік департаменттерінің басқарушы директорлары болады.