Бағдәулет Нағыметбекұлы үстенов – «алэс» ақ күрделі құрылыс және трансформация жөніндегі басқарушы директоры

Туған күні– 11.07.1977 ж.

АзаматтығыҚазақстан Республикасы

Білімі: - жоғары

1. Қазақ ұлттық аграрлық университеті, аяқтаған жылы – 2010 ж.

Мамандығы –Электрэнергетика

2. Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, аяқтаған жылы – 2018 ж.

Мамандығы – МВА, Топ-менеджмент.

Үлестес компаниялардың тиесілі акцияларының саны және үлесі жоқ

Жұмыс тәжірибесі:

2021ж. қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытта «АлЭС» АҚ күрделі құрылыс және трансформация жөніндегі басқарушы директоры;

2018-2021жж. Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС Басқарушы директоры;

2016 -2018жж. «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының даму жөніндегі орынбасары;

2016жж.– «ШҚ АЭК» АҚ Басқарма Төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары;

2013 – 2016 жж. - «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қалалық бөлу тораптары басқармасы «2» электр тораптар ауданының бастығы;

2011 – 2013 жж. - «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қалалық бөлу тораптары басқармасы «2» электр тораптар ауданының электр энергияны есепке алу және талдау жөніндегі аудан бастығының орынбасары;

2010 - 2011 жж. - «АЖК» АҚ техникалық шарттар басқармасы техникалық қадағалау бөлімінің бастығы;

2008 – 2010 жж. – Жамбыл АЭС «Ұзынағаш» учаскесінің шебері;

2007-2008 жж. - «Алматы Пауэр Консалидэйтед» АҚ электр энергияны беру және бақылау жөніндегі департаменті аудит бөлімінің инспекторы;

2006 – 2007 жж. - «Алматы Пауэр Консалидэйтед» АҚ аудит қызметінің инженері;

1996 жылдан бастап 2006 жылды қамтитын уақытта электр санауыштарды пайдалану жөніндегі электр монтерінен метрология қызметінің шеберіне дейінгі еңбек жолын өткерді.   

Марапатталды:

2009ж. – «Невада-Семей» Халықаралық ядролық сынаққа қарсы қозғалыстың (ХЯСҚҚ) 20 жылдығына арналған медаль;

2014ж. – ТМД электр энергетикалық кеңесінің Құрмет грамотасы;

2015ж. - «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медалі;

2015ж.- Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан ЭлектрэнергетикалықҚауымдастығы;

2016ж. - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі;

2020ж. – «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі;

2020ж. – ТМД электр энергетикалық кеңесінің еңбегі сіңген энергетигі;

2020ж. –«ГОЭЛРО 100 жыл» медалі.

 

Қоғамда жауап беретін мәселелері:

Қоғам қызметінің төмендегі бағыттары бойынша жұмыстардың сапасына, уақтылы орындалуына, құжат айналымына, есептілікке басшылық етеді және бақылау жүргізеді:

1.   Қоғамның Инвестициялық бағдарламасын әзірлеуді және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

2.   Нарықтық экономика жағдайларында Қоғам дамуының инвестициялық саясатын және перспективалық бағытын анықтайды;

3.   Қоғамның инвестициялық қызметінің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

4.   Қаржыландыру көзін анықтауды қамтамасыз етеді, Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директормен біріге «АлЭС» АҚ инвестициялық бағдарламасын қаржыландыруға арналған қаражатты жұмылдыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;  

5.   Инвестициялық жобаларды Қоғам объектілерін қайта құру, жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру және жаңа құрылыстары бөлігі бойынша жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

6.   Қоғамның инвестициялық бағдарламасының орындалуына бақылау және талдау жүргізуді, түзетулерді енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;

7.    Өндіріс күрделі құрылысы, қайта құру және жаңғырту бөлігі бойынша жасалған инвестициялық шарттар, келісімдер және міндеттемелердің орындалуын, инвестициялық қорларды мақсатқа сай және ұтымды  пайдалануын қамтамасыз етеді;   

8.   Өндірісті техникалық қайта жарақтандыру және тиімділігін арттыру бөлігі бойынша бизнес-жоспарларды құруға, қажетті қаржы құралдарын анықтауға, соның ішінде құрылысқа, жобалауға, жабдықтарды сатып алуға арналған инвесторлар құралдарын, сондай-ақ күрделі қаржыландыру көздерін анықтауға қатысады;   

9.   Күрделі құрылыстың перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуді, қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңарту, қолдау, қайта құру және техникалық қайта жарақтандыруды ұйымдастыруды (инвестициялық жобалар және бағдарламалар), оларды белгіленген тәртіпте келісімдеп және бекітуді қамтамасыз етеді;

10.Өндіріс күрделі құрылысы, қайта құру және жаңғырту бөлігі бойынша жасалған инвестициялық шарттар, келісімдер және міндеттемелердің орындалуын, инвестициялық қорларды мақсатқа сай және ұтымды  пайдалануын қамтамасыз етеді;

11.Құрылыс және қайта құру объектілері бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қажетті барлық материалдарды уақтылы беруді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

12.Құрылысы аяқталған объектілерді тапсыру, қабылдау, пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді (мердігерлік ұйымдармен біріге);

     Ұйымдастырып, бақылау жүргізуді жүзеге асырады:

1.   Құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық-сметалық және өзге де техникалық құжаттамаларды уақтылы дайындауға және беруге;

2.   Құрылыс ұзақтығының белгіленген нормаларын сақтауға, өндірістік қуаттар және негізгі қорларды қолданысқа беру мерзімдеріне, барлық құрылыстық-монтаждық және өзге де құрылыстық жұмыстардың мерзімдеріне және орындалу сапасына, олардың бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға, құрылыстық нормалар мен қағидаларға, стандарттарға, техникалық шарттарға, қауіпсіздік техникасы нормаларына, өндірістік тазалыққа және өртке қарсы қорғанысқа, еңбекті ұйымдастыру талаптарына сәйкес келуіне;

3.   Жобалау және құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауларына, қажет болған жағдайда шарттармен қарастырылған ықпалшараларды ұсынуды қамтамасыз ету;

4.   Экологиялық заңнама талаптарын, сондай-ақ күрделі құрылыс объектілеріне авторлық және техникалық қадағалау саласындағы талаптарды сақтауға.

13.«Самұрық-Қазына» АҚ холдингі деректерінің ақпараттық базасын, соның ішінде отандық тауар өндірушілер тізілімін, сондай-ақ отандық тауар өндірушілер және олардың шығаратын тауарлары жөніндегі мәліметтерден тұратын мемлекеттік органдар деректерінің ақпараттық базаларын қолдана отырып, отандық тауар өндірушілер нарығы мониторингі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

14.Өндірісті басқару және ұйымдастыру бойынша экономикалық тұрғыдан әлдеқайда мақсатқа сай шешімдерді енгізуге қатысу, қарамағындағы жұмыскерлерді оқыту, біліктіліктерін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, құрылымдық бөлім басшыларына басқаратын мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;

15.Ішкі жоспарлы, есепті және есеп беретін құжаттамалардың ұтымды нысандарын әзірлеуді, сондай-ақ есепке алу және есептік операцияларды жүргізу, жобалық-құжаттамалық және құжаттамалардың өзге де түрлерін құру және оларға талдау жүргізу үшін басқарудың және есептік техникалардың автоматтандырылған жүйелерінің заманауи құралдарын енгізеді;

16.Қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын шағымдарды қарастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, оларды қолданыстағы заңнамаға және жұмыс берушінің актісіне сәйкес шешу жөніндегі шараларды қабылдайды;  

17.Күрделі құрылыс жөніндегі есепті жүргізу және есептілікті құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

18.Корпоративтік басқарудың жақсы атағын алуды және оны ұстап тұруды қамтамасыз етеді;

19.Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

20.Трансформация бағдарламасы жобаларын жүзеге асыруға бақылау жүргізеді;

21.Қоғамның бизнес-үдерістерін стандарттау және оңтайландыруға бағытталған іс-шаралар кешенін орындайды, сондай-ақ трансформация жобаларының жоспарына сәйкес жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

22.Қоғамның имидждік (PR) стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, Қоғам қызметі туралы ақпаратты ашуға қатысты, имидждік сипаттағы үдерістерге қатысады;  

23.Қоғамның қоғамдық байланыстарын дамыту шеңберінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара байланысты жүзеге асырады; 

24.ҚР қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне және нормативтік құжаттарына сәйкес Қоғам менеджментінің біріктірілген жүйесін енгізу, жұмыс күйінде ұстап тұру және әрдайым нәтижелілігін жақсарту жөніндегі жұмыстарды басқарады;

25.Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне ішкі тексерулерді жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

26.Баға ақпаратын алатын көздерді, тауарлар және қызметтердің жекелеген топтарына арналған бағалар деңгейіне мониторинг жүргізу кезеңділігін анықтау және бекітуге басшылық етеді;

27.«АлЭС» АҚ қаржылық-шаруашылық қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша құрылған комиссия (тендерлік, бюджеттік, негізгі құралдарды қайта бағалау, персоналды аттестаттау және т.б.) жұмысына қатысады;

28.Қоғам Басқарма Төрағасының бұйрығымен, Басқарма және Директорлар кеңесінің шешімдерімен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Басшылық етеді және жұмыстарына бақылау жүргізеді:

·       Күрделі құрылыс басқармасының;

·       Корпоративтік даму басқармасының;

·       Бағалар маркетингі басқармасының;

·       Әдіснама және трансформация бөлімінің.

          Күрделі құрылыс және трансформация жөніндегі басқарушы директордың функционалдық бағынысында өндірістік департаменттерде өндіріс күрделі құрылысы, қайта құру, жаңғырту, корпоративтік даму, соның ішінде цифрландыру және трансформация бағдарламасын жүзеге асыру бағыттары бойынша құрылымдық бөлімдермен орындалатын тапсырмалар және қызметтер бөлігі бойынша «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінің басқарушы директорлары, бас инженерлері, басқарушы директорлардың орынбасарлары.