Киркинбаев Ерлан Амантаевич – басқарма төрағасы

IMG 4963

Туған күні-04.05.1965 ж.

Азаматтығы-Қазақстан Республикасы

Білімі-Жоғары:

В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, мамандығы: машина жасау технологиясы, металлкескіш станоктар мен құралдар, бітірген жылы-1987ж.

Халықаралық бизнес университеті, мамандығы: ұйым менеджменті, бітірген жылы-2005ж.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, мамандығы: электр энергетикасы, бітірген жылы – 2015ж.

Үлестес компаниялардың тиесілі акцияларының саны мен үлесі - жоқ 

Жұмыс тәжірибесі:

2021 ж. – қазіргі уақытта – «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы;

2016-2021жж – «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ-Басқарма Төрағасы-Директорлар кеңесінің мүшесі;

2014-2016жж – «Маңғыстау электр тарату желісі компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы;

2009 - 2014жж. – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қалалық тарату желілері басқармасының бастығы, КҚБ бастығы, Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор;

2005 - 2009жж. – «АПК» АҚ Талғар ЭЖА бастығының орынбасары, 7-ЭЖА өткізу бойынша аудан бастығының орынбасары, 2-ЭЖА бастығы, қалалық тарату желілері бойынша департамент директоры;

2002-2004жж. – «Қазтрансойл» ЖАҚ МБ Батыс филиалы-бастықтың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары;

1990-2002жж. - кәсіпкерлік қызмет;

1987-1989 жылдары – «Қызылту» өндірістік бірлестігі-инженер-технолог.

Марапаттары мен атақтары:

2020 ж. – «ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» медалі

2017ж.-«Самұрық-Энерго» АҚ мерейтойлық медалі

2016 ж. - ҚР Энергетика министрлігінің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі

2016ж. – «КAZENERGY» медалі

2016 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі

2015 ж. – «Еңбегі сіңірген энергетик» Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Төсбелгісі

2014 ж. – «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» ТМД Электр энергетикалық кеңесінің құрметті атағы.

2008 ж. – «10 жыл Астана» медалі

Қоғамда жауап беретін сұрақтар шеңбері:

 Қоғамға жалпы басшылықты жүзеге асырады:

1) Қоғамның ағымдағы операциялық қызметін жүзеге асырады;

2) Қоғамның Жалғыз акционері, Қоғамның директорлар кеңесі және Қоғам Басқармасы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

3) Қоғам қызметінің ҚР Заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;;

4) Қоғамның ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

5) Қоғамның даму стратегиясын, Қоғамның даму жоспарын, қызметтің түйінді көрсеткіштерін және олардың нысаналы мәндерін, Қоғамның дивидендтік саясатына қатысты ұсыныстарды, Қоғам қызметінің басым бағыттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

6) Қоғам қызметінің түйінді көрсеткіштеріне және олардың нысаналы мәндеріне қол жеткізу туралы есептілікті дайындауды және Қоғамның Жалғыз акционеріне ұсынуды қамтамасыз етеді;

7) Қоғамның тәуекелдерді басқару жүйесіндегі кемшіліктер туралы Директорлар кеңесін хабардар етеді;

8) Қоғамның Директорлар кеңесіне Қоғамның даму стратегиясын, Қоғамның даму жоспарын іске асыру, Қоғам қызметінің түйінді көрсеткіштеріне және олардың нысаналы мәндеріне қол жеткізу туралы, Қоғамның түйінді тәуекелдері және оларды басқару тиімділігі туралы басқарушылық есептілікті, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесі бекіткен басқарушылық есептіліктің тәртібі мен нысандарына сәйкес өзге де есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;

9) Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасын Қоғам қызметіндегі маңызды оқиғалар туралы хабардар етеді;

10) жылдық қаржылық есептілікті, Қоғамның аралық қаржылық есептілігін және Қоғам қызметінің қорытындылары туралы жылдық есепті дайындауды қамтамасыз етеді;

11) Қоғамның кадр саясатын, оның ішінде Қоғам жұмыскерлерін қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады, Қоғамның Жалғыз акционері бекіткен штат кестесіне сәйкес Қоғам жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларының және айлықақыларына дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді , Қоғам Басқармасының мүшелерін, Ішкі аудит қызметі жұмыскерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қоғамның корпоративтік хатшысы мен өзге де жұмыскерлеріне берілетін сыйлықақы мөлшерін айқындайды;

12) Қоғам Басқармасының жұмысын ұйымдастырады, Қоғам Басқармасының отырыстарын шақырады;

13) Қоғамның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы қызметін қамтамасыз етеді;

14) Қоғамның ұйымдық құрылымы мен штат кестесін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді; ;

15) ішкі бақылау, Корпоративтік даму басқармасы, тәуекелдерді басқару бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және Қоғам қызметінің ҚР заңнамасына және ҚР мемлекеттік органдарының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;

16) әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, өндірістік және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, жұмыскерлердің еңбекке уәждемесін, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді;

17) белгіленген тәртіппен мемлекеттік құпияларды қорғауды, жұмылдыру жұмысын ұйымдастырады;

18) өндірістік департаменттердің табиғат қорғау іс-шараларын орындауын ұйымдастырады;

19) өндірістік департаменттердің экологиялық заңнаманы сақтауын бақылайды;

20) өндірістегі жазатайым оқиғаларға жол бергені үшін дербес жауапты болады;

21) Қоғамның барлық жұмыскерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;

22) «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінің және Бас кеңсенің тиісті бөлімшелерінің компанияның өндірістік, қаржылық және шаруашылық қызметі мәселелері бойынша селекторлық (қызметтік) кеңестерін өткізеді;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның жарғысына сәйкес осы органдар мен Қоғам Басқармасының ерекше құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, өзге де өкілеттіктерді, оның ішінде Қоғамның Жалғыз акционері мен Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдері негізінде жүзеге асырады.

Жұмысты басқарады және бақылайды:

  • Өндіріс жөніндегі басқарушы директор-Бас инженер;
  • Даму және трансформация жөніндегі басқарушы директор;
  • Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор;
  • Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор;
  • Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор;
  • Қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор;
  • Басқарма Төрағасының Кеңсесі;
  • Адам ресурстары басқармасы;
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасы;
  • Қоршаған ортаны қорғау басқармасы;
  • Өндірістік компаниялардың басқарушы директорлары мен бас инженерлері;
  • АҚ және ТЖ қызметтері (жұмылдыру жұмысы және Мемлекеттік құпиялар мәселелері).