«АлЭС» АҚ тәуекелдерді басқару жүйесі

«Қоғам тәуекелдерді басқару жүйесі мен рәсімдерін оның қаржылық орнықтылығы мен беделіне теріс әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғаларды уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға, мониторингтеуге және азайтуға бағытталған корпоративтік басқарудың негізгі элементі ретінде дамытудың маңыздылығын түсінеді.

Тәуекелге бағдарланған басқаруды ұйымдастыру, сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне уақтылы ден қою, сондай-ақ тәуекелдерді іске асыру кезінде ықтимал шығындарды азайту мақсатында қоғамда тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу және жетілдіру қамтамасыз етіледі: тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелердің тәуекел-үйлестірушілері тағайындалды, тәуекелдерді басқаруға байланысты мәселелерді алдын ала қарау және мақұлдау үшін тәуекелдер жөніндегі Комитет құрылды, негізгі тәуекелдерді басқару бойынша есептер тоқсан сайын қалыптастырылады, тәуекелдерді басқару бойынша ішкі нормативтік құжаттар өзектендіріледі. Қоғамның Директорлар кеңесі негізгі тәуекелдерді сипаттай және талдай отырып, негізгі тәуекелдерді басқару бойынша шоғырландырылған тіркелімдерді, тәуекелдер картасын, тоқсан сайынғы есептерді бекітті. Тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану мақсатында Қоғамның Директорлар кеңесі Қоғам қызметінің түрлері бойынша-инвестициялық, операциялық және қаржылық шектеулерді (тәуекел – тәбетті) бекітті.
Тәуекелдерді сәйкестендіру кезінде Қоғам сараптамалық бағалауға, статистикалық деректерге, орын алған залалдардың деректер базасына, аудиторлық және өзге де тексерулердің нәтижелеріне және т.б. сүйенеді, сәйкестендірілген тәуекелдер кейіннен бағалау, басқару және мониторинг үшін Қоғамның тәуекелдер тіркеліміне және картасына қалыптастырылады. Тіркелімге және тәуекелдер картасына кіретін тәуекелдер өзектілігін және маңыздылық деңгейін айқындау үшін тұрақты (жыл сайын) қайта қаралады.  Тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес Қоғам мынадай тәуекелдерді бөледі: стратегиялық, операциялық, қаржылық, құқықтық. Қазақстан Республикасы экономикасының өсу қарқынының төмендеуі, ұлттық валюта бағамының әлсіреуі, электр энергетикасы нарығы құрылымының өзгеруі және тарифті оңтайландыру жағдайлары қоғамның жұмыс істеу жағдайларына түйінді әсер етеді. Бұл ретте мемлекет пен Жалғыз акционер тарапынан қолдаудың болуы ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілікті дамыту және арттыру үшін мүмкіндік береді. Осылайша, 2021 жылға арналған «АлЭС» АҚ тәуекелдерін сәйкестендіру бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша Қоғам қызметіне тән 32 тәуекел сәйкестендірілді және бағаланды, ҚНК шекті мәндері жаңартылды, тәуекелдер иелері тәуекелдер факторларын және оларды төмендету бойынша іс-шараларды өзектендірді.